Қалалық қоғамдық көлікте жол жүру тарифін белгілеу және Өскемен қаласындағы тасымалдаушыларды субсидиялау тәртібі туралы

2025 жылғы 16 қазан                                                                                           №17

  

Өскемен қалалық мәслихатының инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы

  

Қалалық қоғамдық көлікте жол жүру

тарифін белгілеу және Өскемен

қаласындағы тасымалдаушыларды

субсидиялау тәртібі туралы

 

  1. Ақпарат назарға алынсын.
  2. «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бірлесіп, жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға нақты шығындар бойынша Өскемен қаласының автотасымалдаушылары ұсынған есептердің негізділігіне тексеру жүргізу ұсынылсын. Тексеру нәтижелері бойынша тасымалдауды субсидиялау жөніндегі жұмыс тобының қарауына және бекітуіне түпкілікті есептер енгізілсін.
  3. Осы қаулының іске асырылу барысы туралы қалалық мәслихат
    2025 жылғы 15 қарашаға дейінгі мерзімде хабардар етілсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

  

Тұрақты комиссияның төрағасы                                                        Н. Умарбеков

 

 

Дата публикации
20 октября 2025