Өскемен қаласындағы жолаушылар көлігінің жұмысы туралы

25 жылғы 9 қазан                                                                                                 №16

 

 

Өскемен қалалық мәслихатының

тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы

 

 

Өскемен қаласындағы жолаушылар

 көлігінің жұмысы туралы

 

Ақпаратты тыңдап, комиссия ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. Ақпарат назарға алынсын.
  2. «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне:

         1) тұрғындардың қажеттіліктеріне және ең жоғары жүктемелерге сәйкес, №10, 13, 25, 32, 228, 250 және басқаларда маршруттардағы қозғалыс кестелерінің қажетті санын қамтамасыз ету;

         2) тұрақты комиссиялардың отырысында қарау үшін Өскемен қалалық мәслихатына кейіннен ақпарат бере отырып, аялдамаларды жайластыру бойынша есептеулер жүргізу;

3) қоғамдық көліктегі аялдамалар туралы ақпаратты дыбыстық хабарландыруды мемлекеттік және орыс тілдерінде тұрақты негізде қамтамасыз ету;

         4) әсіресе кешкі уақытта және қаланың шалғай аудандарында көлік қозғалысы кестелерінің сақталуына бақылауды күшейтуді қамтамасыз ету;

         5) көп пәтерлі тұрғын үйлердің көп саны салынып жатқан қаланың шағын аудандарына жаңа бағыттар қосу мәселесін қарастыру және неғұрлым сұранысқа ие бағыттарды анықтау мақсатында «Алматы қаласының көлік холдингі» ЖШС филиалымен бірлесіп «ONAY!» жол ақысын төлеу жүйесін пайдалана отырып, жолаушылар ағынына талдау жүргізу;

         6) бекітілген шарттар мен мерзімдерге сәйкес, тасымалдаушылардың жылжымалы құрамды жаңарту жөніндегі шарттық міндеттемелерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;

7) соңғы аялдамаларда қоғамдық көлік жүргізушілері мен кондукторларына арналған дәретханаларды орнату бойынша ұсыныстар беру;

  1. «Алматы қаласының көлік холдингі» ЖШС филиалына жолаушыларға жүйенің жұмысы туралы уақтылы хабардар етуді және пайдаланушылардың шағымдарына жауап беруді қоса алғанда «ONAY!» жол ақысын төлеу жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
  2. Өскемен қаласының тасымалдаушыларына:

         1) жүргізушілер мен кондукторлардың әдеп нормаларын сақтауды, қоғамдық көлікте жүргізушілердің темекі шегуіне тыйым салу қажеттілігі туралы хабардар етуді, сондай-ақ қоғамдық көлікке отырғызу, түсіру және жылжуы кезінде мүгедек адамдарға көмек көрсетуді ұйымдастыру;

         2) жүргізушілер мен кондукторлар үшін бірыңғай үлгіде киім сатып алу мүмкіндігін қарастыру ұсынылсын.

  1. Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия:

         1) «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен, «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесімен, «Жолаушылар тасымалдарын басқару орталығы" ЖШС және тасымалдаушылармен бірлесіп жолаушылар тасымалдарына тарифті қалыптастыруды егжей-тегжейлі қарастырсын;

         2) Абай даңғылы, Қазақстан көшесі, Сәтбаев даңғылы бойынша (Қазақстан көшесінен Базовая көшесі мен Жібек Жолы көшесінің қиылысына дейінгі жол кесімінде) қоғамдық көлік қозғалысы үшін жекелеген жолақтар бөлу мүмкіндігі туралы мәселені қарау үшін полиция басқармасына хат жолдасын.

  1. Осы қаулының іске асырылу барысы туралы қалалық мәслихат 2025 жылғы 15 қарашаға дейінгі мерзімде хабардар етілсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

 

 

Тұрақты комиссия төрағасы                                                                Н. Умарбеков

Дата публикации
13 октября 2025