2025 жылғы 30 қыркүйек №15/1
Өскемен қалалық мәслихатының
тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы
Өскемен қаласындағы қоқыс шығаратын
компаниялардың жұмысы туралы
Ақпаратты тыңдап, комиссия ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1) «1,2,3,4,5 лоттар бойынша Өскемен қаласының қатты тұрмыстық қалдықтарын жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын нарыққа қатысушыларды айқындау бойынша» конкурс (тендер) өткізуді қамтамасыз ету;
2) қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған контейнерлік алаңқайлар үшін жер учаскелерін ресімдеу бойынша түпкілікті есептеулерді ұсыну;
3) жабық үлгідегі контейнерлік алаңқайлардың жаңа қоршауларын орнату жөнінде ұсыныстар енгізу;
4) контейнерлік алаңқайдардан ірі көлемді қоқыстарды әкетудің жүйелілігін қамтамасыз ету;
5) қоқыс шығаратын ұйымдардың абоненттік қызметтерінің жұмысын жақсарту жөнінде шаралар қабылдау;
6) қатты тұрмыстық қалдықтарды әкетуге шарттар жасасу, сондай-ақ нақты тұратын (тіркелген) азаматтардың санын нақтылау мақсатында қоқыс шығаратын компаниялардың полиция органдарымен бірлескен апта сайынғы рейдтерін өткізуді ұйымдастыру ұсынылсын.
Тұрақты комиссия төрағасы А. Горностаева