2025 жылғы 9 қыркүйек № 8/2
Әлеуметтік сала және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі
комиссия отырысы
Жастарды әскери-патриоттық
тәрбиелеу және психологиялық
көмек туралы
Ақпаратты тыңдап, комиссия ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1) ағымдағы оқу жылына арналған бірлескен іс-шараларды, акциялар мен кездесулерді өткізу үшін жастар ұйымдарымен және ардагерлер бірлестіктерімен бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеу және бекіту;
2) жастар ортасында, оның ішінде әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы әскери қызметтің беделін және патриоттық құндылықтарды арттыруға бағытталған ақпараттық науқандарды ілгерілету ұсынылсын.
1) мектеп психологтары үшін келесі бағыттар бойынша оқыту семинарлары мен тренингтерін қамтамасыз ету: стресстің, мазасыздықтың, қорқытудың, депрессиялық және суицидтік жағдайлардың алдын алу;
2) мектептерде психологиялық акциялар ұйымдастыру (мысалы, «Психология апталығы», «Сенім күні», тренингтік сабақтар) ұсынылсын.
1) 2026 жылы оқу-далалық жиындарды өткізуге ақшалай қаражат бөлу және "Жас Сарбаз" сыныптарының оқу-тәрбие процесі үшін қажетті материалдық-техникалық жарақтандыруды қамтамасыз ету мәселесін қарастыру;
2) штат кестелерінде әскери-патриоттық тәрбие саласында жұмыс тәжірибесі бар білікті мамандар - әскери қызметшілер, нұсқаушылар мен офицерлер, оқытушылар бірлігі көздеу ұсынылсын.
Әлеуметтік сала және халықты
әлеуметтік қорғау мәселелері
жөніндегі комиссия төрағасы А. Есимбекова