2025 жылғы 9 қыркүйек № 8/1
Әлеуметтік сала және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі
комиссия отырысы
Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін
кедергісіз орта құру бөлігінде
жергілікті атқарушы органдар
қабылдайтын шаралар туралы
Ақпаратты тыңдап, комиссия ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1) мүмкіндігі шектеулі адамдар мен жүріп-тұруы шектеулі азаматтар үшін кедергісіз қол жеткізу үшін жағдай жасауды жақсарту жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспарын жасау;
2) мүгедектігі бар және жүріп-тұруында басқа да шектеулері бар адамдарды қоса алғанда, жүріп-тұруы шектеулі азаматтарды тасымалдау үшін мамандандырылған көлік сатып алуға есептеулер жүргізу ұсынылсын.
1) әлеуметтік және тұрғын үй инфрақұрылымының жаңа объектілерін жобалау және салу кезінде қолжетімділік стандарттарының міндетті сақталуын қамтамасыз ету;
2) жұмыс істеп тұрған объектілердің кедергісіз орта талаптарына сәйкестігі тұрғысынан түгендеу жүргізу, кезең-кезеңмен бейімдеу жоспарын жасау ұсынылсын.
1) мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қауіпсіздік және қолжетімділік тұрғысынан қалалық инфрақұрылым объектілерін күтіп-ұстауға бақылауды күшейту. Бұзушылықтар анықталған жағдайда - оларды жою жөнінде жедел шаралар қабылдау;
2) жаңа қоғамдық көлікті сатып алу кезінде автобустарды және басқа да көлік құралдарын мүмкіндігі шектеулі адамдардың және жүріп-тұруы шектеулі азаматтардың жүруіне бейімделген құралдармен жарақтандыру қажеттілігін ескеру (мысалы, едені төмен автобустардың, көтергіштердің, пандустардың болуы, дыбыстық құлақтандыру);
3) тасымалдаушыларға қоғамдық көлікке отырғызу, түсіру және орын ауыстыру кезінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен жүріп-тұруы шектеулі азаматтарға жәрдемдесу және көмек көрсету қажеттілігі туралы жүргізушілер мен кондукторларды хабардар етуді ұйымдастыру ұсынылсын.
Әлеуметтік сала және халықты
әлеуметтік қорғау мәселелері
жөніндегі комиссия төрағасы А. Есимбекова