2025 жылғы 31 шілде №6
Өскемен қалалық мәслихатының
тұрақты комиссияларының көшпелі отырысы
Өскемен қалалық мәслихатының
2023 жылғы 21 қыркүйектегі №9/14-VIII
"Өскемен қаласындағы медициналық
қызмет көрсету сапасы туралы"
шешімін іске асыру барысы туралы
Өскемен қаласының медициналық мекемелеріне - Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығына (1-ші қалалық аурухана), Шығыс Қазақстан облыстық психикалық денсаулық орталығына (балалар бөлімшесі), № 1 емханаға, Ана мен бала орталығына (балалар жұқпалы аурулар бөлімшесі) барып, комиссия ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1) кестеге сәйкес жөндеу жұмыстарының аяқталуын қамтамасыз ету:
- урология, травматология, инновациялық медицина бөлімшелерінде және Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығының операциялық блогында (1-ші қалалық аурухана);
- №1 емханада;
2) жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін медициналық мекемелерде жиһазды жаңарту мәселесін пысықтау.
Тұрақты комиссия төрағасы А. Горностаева