Өскемен қалалық мәслихатының
тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы
2025 жылғы 17 шілде № 13/3
Өскемен қалалық мәслихатының
«Өскемен қаласы бойынша
халық үшін тұрмыстық қатты
қалдықтарды жинауға, тасымалдауға,
сұрыптауға және көмуге
арналған тарифтерді бекіту туралы»
шешімінің жобасын қарау туралы
Ақпаратты тыңдап, тұрақты комиссиялар ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1) іргелес аумақтар мен кірме жолдардың асфальт жабынын қалпына келтіруді қоса алғанда, қанағаттанарлықсыз жағдайдағы басым учаскелерді ескере отырып, қала аумағында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға арналған контейнерлік алаңдарды жөндеуге және абаттандыруға, жабық үлгідегі қоршаулар орнатуға арналған есептер мен эскиздер ұсыну;
2) ұсынылған құжаттар негізінде Өскемен қаласы әкімінің атына 2026 жылы тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға арналған контейнерлік алаңдарға кешенді жөндеу жүргізу қажеттігі туралы қызметтік жазба дайындау ұсынылсын.
Тұрақты комиссиялар төрағалары А. Горностаева
Н. Умарбеков
А. Есимбекова