2025 жылғы 23 маусым № 11/3
Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы
Өскемен қалалық мәслихатының
2023 жылғы 25 мамырдағы № 4/6-VIII
«Өскемен қаласының қалалық автобус
маршруттарында жолаушылар тасымалын
ұйымдастыру жөніндегі жұмыс туралы»
шешімін іске асыру туралы
Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ақпаратын тыңдап, тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТТІ:
- Ақпаратты назарға алынсын.
- «VOSCA» ЖШС, «РОСТ» ЖШС, «Марат-М» ЖШС, «Вебас» ЖШС, «СТ Автосервис» ЖШС, «Бақытжол» ЖШС, «Кривошеев» ЖК, «Автолайн» ЖШС, «Таксопарк» ЖШС қозғалыс кестелерін қатаң сақтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ автобус паркін жаңартуды жалғастыру ұсынылсын (келісім бойынша).
- "Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі"ММ ұсынылсын:
1) жаңартылған маршруттардағы қозғалыс кестелерінің қажетті санын қамтамасыз етуге, № 24 және № 255 маршруттардағы автобустардың санын ұлғайту мүмкіндігін қарастыруға;
2) әуежай мен теміржол вокзалдарынан қаланың шалғай аудандарына автобустардың, шағын автобустардың, трамвайлардың (әсіресе таңертең және кешке) қозғалыс кестесінің болуын қамтамасыз етуге міндетті.
- "Өскемен қаласының жолаушылар тасымалын басқару орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) тоқсан сайын "Өскемен қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне қаланың автобустарының, шағын автобустарының, трамвайларының қозғалыс кестесінің сақталмағаны туралы хабарласын.
- Осы қаулыны іске асыру жөніндегі ақпарат Өскемен қалалық мәслихатына 2025 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде берілсін.6. Осы қаулының іске асырылуы жөніндегі ақпарат Өскемен қалалық мәслихатына 2025 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде берілсін.
- Снять с контроля решение Усть-Каменогорского городского маслихата № 21/5-VIII от 23 мая 2024 года.
- Осы қаулының орындалуын бақылау бюджет, құрылыс және көлік мәселелері жөніндегі комиссияға жүктелсін.
Тұрақты комиссияның төрағасы А. Горностаева
А. Есимбекова
Н. Умарбеков