2025 жылғы 30 сәуір №4/1
Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы
Өскемен қаласы зираттарының
жай-күйі туралы (Өскемен қалалық
мәслихатының 2025 жылғы 27 ақпандағы
№32/11-VIII «Өскемен қаласындағы
зираттардың жай-күйі туралы» шешімінің
5-тармағын іске асыру шеңберінде)
Ақпаратты тыңдап, комиссиялар ҚАУЛЫ ЕТТІ:
- Ақпарат назарға алынсын.
- Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне: қаладағы зираттардың санитарлық жағдайына қатаң бақылауды, тұрмыстық қоқыстарды уақтылы шығаруды, жасыл желектерді кесуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
- Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөліміне Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен бірлесіп: Өскемен қаласында кеңейтуді талап ететін қолданыстағы зираттар үшін қосымша жер учаскелерін бөлуді ескере отырып, зираттарға бөлінген қолданыстағы жер учаскелеріне барлық құқық белгілейтін құжаттарды ресімдеу ұсынылсын.
- Осы шешімнің 3-тармағы бойынша ақпарат қалалық мәслихатқа 2025 жылғы 20 мамырға қарай, 2-тармақ бойынша - әрбір зират бөлінісінде жүргізілген жұмыстар бойынша ай сайын берілсін.
- Қаулының іске асырылуын бақылау инфрақұрылымды және ТҮКШ дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
Тұрақты комиссиялардың төрағалары Н. Умарбеков
А. Горностаева