Өскемен қаласында ұсынылатын ұялы байланыс және интернет қызметтерінің сапасы туралы

2025 жылғы 27 ақпан                                                                                        №5

 

 

Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы

 

 

Өскемен қаласында ұсынылатын

ұялы байланыс және интернет

қызметтерінің сапасы туралы

 

Ақпаратты тыңдап, комиссия ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. Ақпарат назарға алынсын.
  2. Ұялы байланыс операторларына:

2.1.   ЖМК, Аблакета ш/а, Болашақ ш/а, 19 ш/ а, 28 тұрғын ауданы, Лесхоз кенті, Меновной ауылы, Ахмер ауылы аудандарында ұялы байланыстың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;

2.2.   тұтынушыларға ұсынылатын ұялы байланыс және интернет қызметтерінің сапасын арттыру;

2.3.   қаланың жаңа шағын аудандарында, оның ішінде «Нұрлы жол»,                 19 ш/а, Спорт ш/а, 23 тұрғын ауданы, Шығыс кенті шағын аудандарда базалық станциялар санын ұлғайту мүмкіндігін қарастыру;

2.4.   жабынды кеңейту, жабдықты жаңғырту және деректерді беру жылдамдығын арттыру жөніндегі шараларды көрсете отырып, Өскемен қаласында ұялы байланыс пен интернет сапасын жақсарту жөніндегі перспективалық жоспарды әзірлеу және ұсыну ұсынылсын.

  1. «Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасы ІІМ ҚАЖК №16, Қазақстан Республикасы ІІМ ҚАЖК №30 мекемелерінің аумағында іргелес тұрғын аудандарды қозғамай, түзеу мекемелері шегінде жұмысқа ұялы байланыс сигналдарын басу жүйелерін баптауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
  2. Осы қаулының іске асырылу барысы туралы қалалық мәслихат 2025 жылғы 01 маусымға дейін хабардар етілсін. 

 

 

2

 

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту мәселелері жөніндегі комиссияға жүктелсін.

 

 

Тұрақты комиссиялар төрағалары                                                   Н. Умарбеков

 

                                                                                                        А. Горностаева

                                                                                           

                                                                                                        А. Есимбекова

Дата публикации
02 мая 2025