2025 жылғы 25 ақпан №4/4
Өскемен қалалық мәслихатының
тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы
Өскемен қалалық мәслихатының
2024 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 30/3-VIII «Өскемен қаласының
2025-2027 жылдарға арналған
бюджеті туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Ақпаратты тыңдап, тұрақты комиссиялар ҚАУЛЫ ЕТТІ:
- Ақпарат назарға алынсын.
- Бұл мәселе мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге шығарылсын.
- «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ Fresh Market дүкені ауданындағы жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі бойынша жобалық-сметалық құжаттамаға түзету жүргізуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
- Осы қаулының іске асырылу барысы туралы қалалық мәслихат 2025 жылғы 1 маусымға қарай хабардар етілсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту мәселелері жөніндегі комиссияға жүктелсін.
Тұрақты комиссиялар төрағалары Н. Умарбеков
А. Горностаева
А. Есимбекова