Қараусыз қалған иттерді аулау және ұстау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру туралы

2025 жылғы 25 ақпан                                                                   № 4/1

 

 

Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы

 

 

Қараусыз қалған иттерді

аулау және күтіп-ұстау жөніндегі

жұмысты ұйымдастыру туралы

 

Ақпаратты тыңдап, комиссии ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. Ақпарат назарға алынсын.
  2. «Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесіне «Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесімен бірлесіп үйсіз жануарларды аулауға, оларды зарарсыздандыруға бюджет қаражатын ұлғайту мәселесін пысықтау ұсынылсын.
  3. «Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесіне: Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының «Өскемен-Вет» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын қажетті көлікпен, мүкәммалмен материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселесін пысықтау ұсынылсын.
  4. Шығыс Қазақстан облысы ветеринария басқармасының «Өскемен-Вет» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Өскемен қаласы әкімдігінің «Аумақтық басқару орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі филиалдарының барлық өтінімдерінің орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

5 Өскемен қаласының жергілікті полиция қызметіне: Қазақстан Республикасының жануарларға жауапты қарау саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау бойынша рейдтер жүргізу ұсынылсын.

  1. Өскемен қалалық мәслихатының депутаттарына: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес үй жануарларын асырау және серуендету мәселесі бойынша халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылсын.
  2. Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға қараусыз жануарларды аулау және күтіп-ұстау жөніндегі тиімді шараларды әзірлеу үшін жұмыс тобын құру ұсынылсын.
  3. Осы қаулыны іске асыру жөніндегі ақпарат қалалық мәслихатқа 2025 жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде берілсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

 

 

Тұрақты комиссиялар төрағалары                                                    Н. Умарбеков

                                                                                                              

                                                                                                                  А. Горностаева

                                                                                                              

                                                                                                                   А. Есимбекова

 

 

 

Дата публикации
27 марта 2025