2025 жылғы 29 қаңтар № 3
инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы
Өскемен қаласы әкімдігінің
«ТАЗА ӨСКЕМЕН» ШЖҚ КМК
өтінішін қарау туралы
Өскемен қаласы әкімдігінің «Таза Өскемен» ШЖҚ КМК (бұдан әрі -Кәсіпорын) кәсіпорнының директорын тыңдағаннан кейін комиссия қазіргі уақытта Кәсіпорын экстремалды ауа райы жағдайында көпірлерге, өткелдерге, төмен түсетін жолдарға, жоғары көтерілетін жолдарға, қиылыстарға, жаяу жүргіншілер өткелдеріне, қоғамдық көліктердің аялдама пункттерінің кіру қалталарына, шығу жолдарына жол төсеміне қардың жабысып қалуын, мұздың, жолтабандардың пайда болуын болдырмау үшін құм-тұз қоспасымен де, су-тұз ерітіндісін де себетінін атап өтті.
Жоғарыда аталған ерітінді жолдағы сырғанауды азайтуға, әсіресе қар қарқындылығы 5 см/сағ жоғары, желдің жылдамдығы 14 м/с асатын боранмен қар жауған кезде немесе екі тәуліктен артық ауаның орташа тәуліктік температурасы 10 С төмен болғанда жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жоғарыда айтылғандардың негізінде комиссия ҚАУЛЫ ЕТТІ:
|
Қолданыстағы редакция |
Ұсынылатын редакция |
|
153. Көпірлер, өтпелер, түсулер, көтерілулер, қиылыстар, жаяу жүргіншілер өткелдері, қоғамдық көлік аялдамаларының кіру қалталары, көшпелі автожолдар құм-тұз қоспасымен себіледі.
|
153. Көпірлер, өтпелер, түсулер, көтерілулер, қиылыстар, жаяу жүргіншілер өткелдері, қоғамдық көлік аялдамаларының кіру қалталары, көшпелі автожолдар құм-тұз қоспасымен себіледі, экстремалды ауа райы жағдайында су-тұз ерітіндісі қолданылуы мүмкін. |
|
|
153-1. адам мен табиғаттың өзара іс-қимылы саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін экологиялық кодекс нормаларының белгіленген талаптарына сәйкес осы препараттарды пайдалану мүмкіндігі туралы растайтын сертификаттар мен құжаттар болған кезде құм-тұз қоспасын, су-тұз ерітіндісін пайдалануға жол беріледі. |
Тұрақты комиссия төрағасы А. Горностаева