«Алтай» көтерме-тарату орталығында, «Ертіс» ӘКК сауда павильондарында және қалалық сауда объектілерінің әлеуметтік бөлімдерінде Тұрақтандыру қоры өнімдерінің болуы туралы

2025 жылғы 29 қаңтар                                                                           № 2/1

 

Бюджет, құрылыс және көлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның көшпелі отырысы

 

«Алтай» көтерме-тарату орталығында,

«Ертіс» ӘКК сауда павильондарында

және қалалық сауда объектілерінің

әлеуметтік бөлімдерінде Тұрақтандыру

қоры өнімдерінің болуы туралы

 

Тұрақтандыру қорының өнімдерінің бар-жоқтығына қаланың сауда объектілерін аралап, комиссия картопты жеткізуде іркіліс бар екенін, өнімді жеткізу үшін қажетті көлік санының жоқтығын, «Алтай» көтерме-тарату орталығында Тұрақтандыру қорының өнімдерінің аз ғана көлемі барын анықтады, комиссия ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. «Ертіс» ӘКК:

1) ауа райы қолайсыз бола қалған жағдайда Тұрақтандыру қоры өнімдерінің қажетті резервтік қорын қамтамасыз ету;

2) сауда павильондары мен қалалық сауда объектілеріндегі әлеуметтік бөлімдерге өнімді уақтылы жеткізуді қамтамасыз ету ұсынылсын;

  1. «Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне «Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Ертіс» ӘКК және кәсіпкерлер арасында Тұрақтандыру қорының өнімдерін сату бойынша үш жақты меморандум жасасу мәселесін пысықтау ұсынылсын.
  2. Осы қаулыны іске асыру жөніндегі ақпарат Өскемен қалалық мәслихатына 2025 жылғы 17 ақпанға қарай ұсынылсын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау бюджет, құрылыс және көлік мәселелері жөніндегі комиссияға жүктелсін.

 

Тұрақты комиссия төрағасы                                                              А. Горностаева

 

 

 

Дата публикации
10 февраля 2025