2025 жылғы 23 қаңтар №2/2
Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның көшпелі отырысы
Өскемен қаласындағы көшелерді
жарықтандырудың жай-күйі туралы
Нысандарды аралап, комиссия І. Есенберлин даңғылы, Әл-Фараби даңғылы бойындағы бүйірден түсетін жарықтардың, тротуарларды тиісті жарықтандыру жоқ екенін анықтады, комиссия ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1) инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия Шығыс Қазақстан облысының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік» АҚ өңірлік орталығына көшелерді жарықтандыру жүйесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу кестесін ұсыну туралы сұрау салу жіберсін;
2) «Өскемен қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бірлесіп «Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы» АҚ құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде бүлінген учаскелердің тізбесін ұсынсын, сондай-ақ жөндеу жұмыстарын жүргізу кестесін ұсынсын.
Тұрақты комиссия төрағасы Н. Умарбеков