Өскемен қаласындағы лифт шаруашылығының жай-күйі туралы

2025 жылғы 23 қаңтар                                                                     №2/1

 

 

Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның көшпелі отырысы

 

 

Өскемен қаласындағы лифт

шаруашылығының жай-күйі туралы

 

Лифт шаруашылығының жай-күйімен танысу мақсатында Гагарин бульвары, 36, Славский көшесі, 12, 14,16, 22, Победа көшесі, 5, Қазақстан көшесі, 70 мекенжайындағы көппәтерлі тұрғын үйлерге барып, комиссия ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. «Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне:

1) Өскемен қалалық мәслихатына лифтілер қанағаттанарлықсыз жағдайда тұрған барлық тұрғын үйлердің тізімін ұсыну.

2) басқа қалалардың үлгісі бойынша қайтарымды негізде бюджет қаражат есебінен лифттерді ауыстыру немесе жөндеу жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру қағидаларын бекіту мәселесін пысықтау ұсынылсын.

  1. Осы қаулының іске асырылу барысы туралы Өскемени қалалық мәслихаты 2025 жылғы 7 ақпанға қарай хабардар етілсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

 

Тұрақты комиссия төрағасы                                                                Н. Умарбеков

 

 

 

Дата публикации
05 февраля 2025