Өскемен қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

2025 жылғы 8 қаңтар                                                                       №2/3

 

 

тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы

 

 

Өскемен қаласы бойынша

халық үшін қатты тұрмыстық

қалдықтарды жинауға,

тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге

арналған тарифтерді бекіту туралы

 

Ақпаратты тыңдағаннан кейін комиссия ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ:

1) ҚТҚ жинақтау нормасына сәйкес контейнерлер санын сәйкестендіру;

2) жасалған меморандумға сәйкес қоқыс шығаратын компиниялардың ірі көлемді қоқыстарды шығару кестесін бекіту;

3) контейнерлік алаңдарда ірі көлемді қоқыстарды жинау орындарын айқындау;

4) осы мәселені одан әрі мәслихат сессиясының қарауына шығару мақсатында ҚТҚ әкетуге тарифті арттыруға арналған есептеулерді қала әкіміне жіберу ұсынылсын.

  1. Осы қаулының іске асырылу барысы туралы қалалық мәслихат 2025 жылғы 30 қаңтарға қарай хабардар етілсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту мәселелері жөніндегі комиссияға жүктелсін.

 

 

Тұрақты комиссиялар төрағасы                                                   Н. Умарбеков

 

                                                                                                                  А. Есимбекова

Дата публикации
28 января 2025