2026 жылғы 30 маусымдағы № 7/2 «2026 жылға Өскемен қаласы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшерін бекіту туралы» Өскемен қалалық мәслихатының тұрақты комиссиялары қаулысының іске асырылуы туралы

Өскемен қалалық мәслихатының
тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы

 

 

2026 жылғы 23 шілде                                                                                  № 4/4

 

 

2026 жылғы 30 маусымдағы № 7/2 «2026 жылға

Өскемен қаласы бойынша кондоминиум

объектісін басқаруға және кондоминиум

 объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға

арналған шығыстардың ең төменгі мөлшерін

бекіту туралы» Өскемен қалалық мәслихатының

тұрақты комиссиялары қаулысының іске асырылуы туралы

 

Ақпаратты тыңдап, комиссиялар ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. Ақпарат назарға алынсын.
  2. «Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қажетті келісу рәсімдерін жүргізіп, «2026 жылға Өскемен қаласы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшерін бекіту туралы» шешім жобасын белгіленген тәртіппен Өскемен қалалық мәслихатының қарауына енгізуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Өскемен қалалық мәслихатының инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

 

 

Тұрақты комиссиялардың 

төрағалары                                                                                        А. Горностаева

 

   Н. Умарбеков

 

     А. Есимбекова

 

Дата публикации
03 августа 2026