Өскемен қалалық мәслихатының 2026 жылғы 26 ақпандағы № 42/3-VIII «Өскемен қалалық мәслихатының 2025 жылғы 27 ақпандағы № 32/9 «Өскемен қаласының лифт шаруашылығының жай-күйі туралы» шешімін іске асыру туралы» шешімін іске асыру туралы

2026 жылғы 21 шілде                                                                                     № 4/3

  Өскемен қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы

 Өскемен қалалық мәслихатының 2026 жылғы

26 ақпандағы № 42/3-VIII «Өскемен қалалық

мәслихатының 2025 жылғы 27 ақпандағы

№ 32/9 «Өскемен қаласының лифт

шаруашылығының жай-күйі туралы» шешімін

іске асыру туралы» шешімін іске асыру туралы

 

Ақпаратты тыңдап, тұрақты комиссиялар ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. «Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне:

1) «Өскемен қаласында пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің лифттерді жөндеуге және ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізуге байланысты қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету қағидалары» (бұдан әрі – Қағидалар) шеңберінде жөндеуді немесе ауыстыруды аса қажет ететін лифттердің тізбесін, сондай-ақ күрделі жөндеу жүргізуді қажет ететін көппәтерлі тұрғын үйлердің тізбесін қалыптастыруды;

2) қажетті есептеулерді дайындауды;

3) «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бірлесіп, Қағидалар шеңберінде лифт жабдықтарын жөндеу және ауыстыру, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізу жөніндегі іс-шараларды іске асыру үшін бюджетті қалыптастыру кезінде бюджет қаражатын көздеу мәселесін пысықтауды ұсыну.

  1. Осы шешімнің іске асырылу барысы туралы қалалық мәслихатқа 2026 жылғы 1 қарашаға дейін ақпарат берілсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

 

Тұрақты комиссиялардың төрағалары

 

 

       А. Горностаева

 

          Н. Умарбеков

 

          А. Есімбекова

 

 

 

 

 

Дата публикации
03 августа 2026