Өскемен қаласы әкімдігінің «Таза Өскемен» ШЖҚ КМК қызметі туралы

2026 жылғы 03 шілде                                                                                    №8

 

Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты

дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның көшпелі отырысы

 

 

Өскемен қаласы әкімдігінің

«Таза Өскемен» ШЖҚ КМК

қызметі туралы

 

Қала аумағын көгалдандыру және тазалығын сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырумен танысу мақсатында Өскемен қаласы әкімдігінің «Таза Өскемен» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі-Кәсіпорын) барып, тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ұсынылсын:

1) жұмыскерлерді жұмыс жүргізу учаскелері бойынша тасымалдау үшін Кәсіпорын үшін автомобиль көлігін сатып алуға үш бірлік мөлшерінде бюджет қаражатын бөлуді қарастыру;

2) «Бипэк Авто – Азия Авто» компаниялар тобына қатысты сот талқылаулары аясында берілген мамандандырылған техниканы жөндеуге бюджет қаражатын бөлуді қарастыру;

3) Өскемен қаласының мансап орталығымен бірлесіп, жұмыс іздеп жүрген адамдар арасынан Кәсіпорында жұмыс істеу үшін қажетті қызметкерлер санын тартуды пысықтау;

4) көгалдандыру, санитарлық кесу, шөп шабу және қала аумағын таза ұстау бойынша жұмыстар көлемінің орындалуына бақылауды күшейту.

  1. Кәсіпорынға қала аумағын тазалау және шөп шабу жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес жүйелі әрі жоспарлы түрде жүргізуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
  2. Осы қаулының іске асырылу барысы туралы қалалық мәслихат
    2026 жылғы 3 тамызға хабардар етілсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

  

Тұрақты комиссия төрағасы                                                                Н. Умарбеков

 

 

 

 

 

Дата публикации
07 июля 2026