23- ықщамауданның инженерлік инфрақұрылымын дамыту және электрмен жабдықтау жобасын қаржыландыру мәселесі бойынша Олеся Евгеньевна Комагорованың жолданымын қарау туралы

2025 жылғы 23 маусым                                                                                       № 3/1

 

Өскемен қалалық мәслихатының
тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы

 

23- ықщамауданның инженерлік

инфрақұрылымын дамыту және

электрмен жабдықтау жобасын

қаржыландыру мәселесі бойынша

Олеся Евгеньевна Комагорованың
жолданымын  қарау туралы

 

Ақпаратты тыңдап, комиссиялар ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. Ақпарат мәліметке алынсын.
  2. «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне:

1) «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының 23-ықшамауданын электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы» жобасын іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;

  • 23-ықшамауданда нөсерлік кәріз және су бұру жүйесін салу бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу мүмкіндігін қарастырсын;
  • «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының кәріздік тазарту құрылғыларын дамыту. II кезек» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтауды қамтамасыз етіп, тиісті бюджеттік өтінімді ұсыну және аталған жобаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;

4) 23- ықшамауданда электр қуатын берудегі ақауларды жедел түрде жоюды қамтамасыз етсін;

5) Ықшамауданның проблемалық учаскелеріне және жерүсті суларын бұру мәселелеріне қатысты тексеру-зерттеу жұмыстарын жүргізуді қарастырсын.

  1. Осы қаулының іске асырылу барысы туралы ақпарат 2026 жылғы
    20 тамызға дейін Өскемен қалалық мәслихатына ұсынылсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі комиссияға жүктелсін.

 

 

Тұрақты комиссиялардың төрағалары

 

А. Горностаева

 

 

Н. Умарбеков

 

 

 

А. Есімбекова

 

 

Дата публикации
07 июля 2026