Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша қалалық комиссия қызметінің нәтижелері туралы

2026 жылғы 19 мамыр                                                                                          № 6/3

 

 

Өскемен қалалық мәслихатының тұрақты
комиссияларының бірлескен отырысы

 

Қылмыстық жазаларды және өзге де

қылмыстық-құқықтық ықпал ету
шараларын орындайтын мекемелер

мен органдардың қызметіне жәрдемдесу,

қылмыстық жазаларын өтеген

адамдарға әлеуметтік және өзге де

көмекті ұйымдастыру бойынша қалалық

комиссия қызметінің нәтижелері туралы

 

Ақпаратты тыңдап, комиссия ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. Шешім жобасының 2-тармағына 3) тармақша толықтыру енгізіліп, «Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал етудің шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі қалалық комиссия қызметінің, қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастырудың нәтижелері туралы» кезекті 45 сессиясының шешімі жобасы келісілсін:

3) кәсіпкерлік субъектілерімен және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерімен бірлесіп жазасын өтеу кезеңінде сотталғандарды еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды босатылғаннан кейін осы кәсіпорындарда одан әрі жұмысқа орналастыру мақсатында қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағында өндірістердің, цехтардың және өзге де қызмет түрлерінің филиалдарын ашу мәселесін пысықтау.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Өскемен қалалық мәслихатының әлеуметтік сала және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.

 

Тұрақты комиссиялардың

төрағалары                                                                                              Н. Умарбеков

 

                                                                                                            А. Горностаева

 

Дата публикации
10 июня 2026