«Өскемен қаласындағы зираттардың жай-күйі туралы» Өскемен қалалық мәслихатының 2025 жылғы 27 ақпандағы № 32/11шешімін жүзеге асыру туралы

2026 жылғы 19 мамыр                                                                                          № 6/2

 

 

Өскемен қалалық мәслихатының тұрақты
комиссияларының бірлескен отырысы

 

«Өскемен қаласындағы зираттардың

 жай-күйі туралы» Өскемен қалалық

мәслихатының  2025 жылғы 27 ақпандағы

№ 32/11шешімін жүзеге асыру туралы

 

Ақпаратты тыңдағаннан кейін комиссия ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. Шешімнің жобасына 1 - тармақтың 6) тармақшасына толықтыруды енгізе отырып, «Өскемен қаласындағы зираттардың жай-күйі туралы» Өскемен қалалық мәслихатының 2025 жылғы 27 ақпандағы № 32/11 шешімін іске асыру туралы» кезекті 45 сессия шешімінің жобасы келісілсін:

6) «көрсетілген жұмыстарды орындауға қажетті шығындар сомасының құнын есептеуді кейіннен ұсына отырып, ағаштарды кесу, өскіндер мен бұталарды бұтау және жою жұмыстарының көлемдерін, жинауға және шығаруға жататын қоқыстың нақты көлемін анықтау мақсатында зираттар аумағына, қоршаулар периметріне іргелес аумақтарға  тексеру жүргізу».

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Өскемен қалалық мәслихатының инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін

 

Тұрақты комиссиялардың төрағалары                                             Н. Умарбеков

 

                                                                                                            А. Горностаева

Дата публикации
10 июня 2026