Өскемен қаласының жолдарын жөндеу бойынша жұмыстарды жүргізу барысы туралы

2026 жылғы 06 мамыр                                                                                 №4

 

Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты

дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның көшпелі отырысы

 

 

Өскемен қаласының жолдарын

жөндеу бойынша жұмыстарды

жүргізу барысы туралы

 

Жолдарды жөндеу барысымен танысу мақсатында Протозанов, Бауыржан Момышұлы, Калинин, Еңбекші көшелеріне, Шәкәрім даңғылына, Протозанов және Қазақстан көшелері; Добролюбов және Гагарин бульвары арасындағы өтпе жолдарға барып, тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ұсынылсын:

1) Шәкәрім даңғылы бойынша - нөсер құдықтарын тазарту және су бұруды тиісті қамтамасыз ету мақсатында оларға тексеру жүргізу;

2) Добролюбов көшесі мен Гагарин бульвары арасындағы өтпе жол бойынша - жиектасты тегістеуді және сапалы төсеуді қамтамасыз ету;

3) Бауыржан Момышұлы көшесі бойынша-Бауыржан Момышұлы көшесі, 23/1 мекенжайында орналасқан балабақшаға кіреберіс жолға қиыршық тас төгу жұмыстарын жүргізу мүмкіндігін қарастыру;

4) Калинин көшесі бойынша - бұрылыс жерінде, жиектастарына іргелес бөлігінде асфальтбетон жабынын тығыздау (нығыздау) жұмыстарын жүргізу;

5) жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде құдықтардың люктерін өтпе жолдың жол жабыны деңгейіне дейін теңестіруді қамтамасыз ету.

  1. Осы қаулының іске асырылу барысы туралы қалалық мәслихат
    2026 жылғы 15 шілдеге хабардар етілсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

 

 

Тұрақты комиссия төрағасы                                                                Н. Умарбеков

Дата публикации
21 мая 2026