Өскемен қаласындағы зираттардың жай-күйі туралы

2026 жылғы 14 мамыр                                                                                          № 5/2

 

 

Өскемен қалалық мәслихатының инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы

 

 Өскемен қаласындағы

зираттардың жай-күйі туралы

 

Қалалық зираттардың аумақтарына барып, комиссия ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. Қалалық зираттардың аумақтарында «Өскемен қаласының тұрғын-үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ұсынылсын:

1) зират аумағындағы қоқыстарды шығару және ағаштарды санитарлық кесу жөніндегі жұмыстар көлеміне қосымша қажеттіліктерді айқындау

2) қоқысты уақытша жинауға арналған мамандандырылған орындарды (алаңдарды) жайластыруды қамтамасыз етуге;

3) қалдықтарды уақтылы шығару, аумақтарды санитарлық тазалау және зираттардың тиісті санитарлық жағдайын сақтау бөлігінде мердігерлік ұйымдардың қызметіне жүйелі және тұрақты бақылауды қамтамасыз ету.

  1. Осы қаулының іске асырылу барысы туралы қалалық мәслихат
    2026 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде хабардар етілсін.

3 (Өскемен қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысының «Өскемен қаласындағы зираттардың жай-күйі туралы» Өскемен қалалық мәслихатының 2025 жылғы 27 ақпандағы №32/11-VIII шешімінің             5-тармағын іске асыру шеңберінде) Өскемен қаласы зираттарының жай-күйі туралы» 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 4/1 қаулысы бақылаудан алынсын».

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Өскемен қалалық мәслихатының инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

 

Тұрақты комиссияның төрағасы                                                        Н. Умарбеков

 

Дата публикации
21 мая 2026