Өскемен қаласының жергілікті халқын әлеуметтік-экономикалық қолдау туралы келісімді қарау туралы

 

Өскемен қалалық мәслихатының

тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы

  

2025 жылғы 23 сәуір                                                                                 № 5/3

 

 Өскемен қаласының жергілікті халқын

әлеуметтік-экономикалық қолдау туралы

келісімді қарау туралы

 

Ақпаратты тыңдап, комиссия ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. Ақпарат назарға алынсын.
  2. «PROSTROY TRADING» ЖШС «Өскемен қаласы әкімдігінің аумақтық басқару орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің №11 филиалымен бірлесіп, пайдалы қазбаларды барлау бойынша жоспарланған жұмыстар учаскесіне іргелес аумақтарда тұратын тұрғындармен кездесу өткізу ұсынылсын. Талқылау нәтижелері бойынша жергілікті тұрғындардың пікірін ескере отырып, Өскемен қаласының жергілікті тұрғындарын әлеуметтік-экономикалық қолдау туралы келісімде нақты іс-шаралар көзделсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау бюджет, құрылыс және көлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

  

Тұрақты комиссиялар төрағалары

 

А. Горностаева

 

 

 

Н. Умарбеков

 

 

 

А. Есімбекова

 

Дата публикации
15 мая 2026