«Өскемен қаласының 2026–2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 40/3-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы

     
     
     

Өскемен қалалық мәслихатының

тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы

  

2025 жылғы 23 сәуір                                                                       № 5/2

  «Өскемен қаласының 2026–2028 жылдарға

арналған бюджеті туралы»
2025 жылғы 19 желтоқсандағы

№ 40/3-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Ақпаратты тыңдап, комиссия ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. Ақпарат назарға алынсын.
  2. «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қураған ағаштарды кесуді қоса алғанда, қалалық зираттар аумағын санитарлық күтіп ұстау бойынша жұмыстарды орындау үшін есептеулер беру ұсынылсын.
  3. «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кезектен тыс 44-сессияның қарауына енгізілетін «Өскемен қаласының 2026–2028 жылдарға арналған бюджеті туралы»
    2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 40/3-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы» жобада қалалық зираттар аумағын санитарлық күтіп-ұстау жұмыстарын орындауға қосымша қаражат қарастыру ұсынылсын.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау бюджет, құрылыс және көлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

 

Тұрақты комиссиялар төрағалары

 

  А. Горностаева

 

 

    Н. Умарбеков

 

 

    А. Есімбекова

 

Дата публикации
15 мая 2026