GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Байланыс ақпарат
Әкім аппараты
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Все материалы
Әкімнің халықпен есеп беру кездесулері
28 сентября 2026
ауылдық округ әкімінің 2026 жылдың 2 жартыжылындағы халықпен кездесуі
21 сентября 2026
Ұйғыр ауданы бойынша «Инватакси» қызметі

Ұйғыр ауданында мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға арнайы көлікпен – «ИНВАТАКСИ» тасымалдау қызметі көрсетіледі.

Қызмет көрсетуші: «Ұйғыр аудандық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Аулие Шоқа» корпоративтік қоры

Диспетчерлік қызмет: 8 (72778) 2-55-50

Қызмет көрсету аумағы: Ұйғыр ауданы.

Қызмет аудандық дәрігерлік-консультациялық комиссияның (ДКК) қорытындысымен расталған тиісті негіздер болған жағдайда көрсетіледі.

Тасымалдау медициналық (шұғыл медициналық көмек көрсету жағдайларын қоспағанда) және әлеуметтік ұйымдарға, жұмыс немесе оқу орнына, мемлекеттік органдарға, сотқа, прокуратураға, нотариусқа және заң консультациясына, сондай-ақ бекітілген тізбеге сәйкес басқа да нысандарға жүзеге асырылады.

Қызмет тегін көрсетіледі.

Өтінімді сапарға шығудан кемінде бір тәулік бұрын 8 (72778) 2-55-50 телефоны арқылы беру қажет.

Өтінімді рәсімдеу кезінде қызмет алушының деректерін, сапардың күні мен уақытын, шығу және баратын мекенжайларды, сондай-ақ мүгедектер арбасында тасымалдау қажеттілігін және алып жүруші адамның болуын хабарлау қажет.

Қызмет көрсету туралы толық ақпарат пен оның шарттарын диспетчерден нақтылауға болады.

 

 

Ескертулер
17 марта 2026
2026 жылдың 14 наурыз күні - Көрісу күні

                             14 наурыз күні Көрісу күні    

 2026 жылдың 14 наурыз күні Үлкен Ақсу ауылында қазақтың ежелден келе жатқан ізгі дәстүрлерінің бірі – Көрісу күніне орай мерекелік шара ұйымдастырылды. Бұл күні ауыл тұрғындары бір-бірімен қауышып, амандық-саулық сұрасып, ақжарма тілектерін арнады.
Шара барысында ауылдың ақсақалдары мен үлкендері жастарға ақ батасын беріп, ұлттық дәстүрдің маңызы туралы тағылымды әңгімелер айтты. Ауыл жастары да белсенділік танытып, мерекелік шараның жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосты.
Мерекелік жиында Үлкен Ақсу ауылдық округінің әкімі құттықтау сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарын Көрісу күнімен құттықтап, баршаға амандық, бірлік пен береке тіледі.
Көрісу күні – адамдардың бір-біріне деген құрметі мен сыйластығын арттыратын, ағайын-туыстың, көрші-қолаңның арасындағы татулықты нығайтатын ерекше мереке. Осындай игі дәстүрлер ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, халқымыздың бірлігін айқындай түседі.
Баршаңызды Көрісу күнімен құттықтаймыз! Ақ мол болсын, жылымыз берекелі болсын!

Ескертулер
10 марта 2026
«Digital Nauryz – 2026» ресми логотипі

                   

                   

                            «Digital Nauryz – 2026» ресми логотипі

 «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы – 2026» іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында, Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі бекіткен, Алматы облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында «Digital Nauryz – 2026» республикалық іс-шарасының бекітілген логотипі орналастырылды.

#Nauryznama2026
#ҰлыДалаНаурызы

 

 

Әкімнің халықпен есеп беру кездесулері
05 февраля 2026
Ұйғыр ауданының мәслихат төрағасы Н. Есжанның ауыл тұрғындармен кездесуі .

           

Ұйғыр ауданының мәслихат төрағасы Н. Есжанның ауыл тұрғындармен кездесуі .

     2026 жылдың 27 қаңтар күні Ұйғыр ауданының мәслихат төрағасы Н. Есжан аудандық мәслихаттың және оның тұрақты комиссияларының 2025 жылы атқарылған жұмысы туралы есептік кездесу өткізді.Жиын барысында Үлкен Ақсу ауылдық округінің әкімі М. Абдикаров халықпен 2026 жылдың І жартыжылдығына арналған кезекті кездесуін өткізіп, округ аумағында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған көкейкесті мәселелерді көтеріп, қойылған сұрақтарға тиісті әрі нақты жауаптар алды.Сонымен қатар, Үлкен Ақсу округінің учаскелік полиция инспектор полиция капитаны М. Ахметов баяндама жасап, 2025 жылдың атқарылған жұмысы бойынша және интернет, телефон алаяқтықтарының алдын алу бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарды сақтық пен қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырды.Аталған кездесу халық пен билік арасындағы ашық диалогты нығайтуға, өзекті мәселелерді бірлесіп шешуге бағытталды.

 

 

Мәдениет
05 февраля 2026
Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығы

      

       

                               Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығы

        Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай ұйымдастырылған «Өлең сөздің дүлдүлі» атты іс-шараның мақсаты – ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстыру, ұлттық сөз өнерін дәріптеу. Шара барысында Жамбыл Жабаевтың өмір жолы мен өлең-жырларынан мағлұмат беріліп, рухани мұрасы насихатталды.

Әкімнің халықпен есеп беру кездесулері
04 февраля 2026
Үлкен Ақсу ауылдық округі әкімінің 2026 жылдың І жартыжылдығындағы халықпен кездесуі

Үлкен Ақсу ауылдық округі әкімінің 2026 жылдың

І жартыжылдығындағы халықпен кездесуі

 

І. Тыңдалды: М. Абдикаров – ауылдық округ әкімі

Күн тәртібіндегі  мәселе бойынша Үлкен Ақсу ауылдық округі әкімінің баяндамасы тыңдалды.

Кіші Ақсу ауылының тұрғыны  А. Розиев – бүгін  жиналысқа толық ризашылығын білдірді.

Долайты ауылының жігіт басы  А.Сабитов – ауылымызға интернет жүйесі кіргізілеме?

Ауылдық округ әкімі М. Абдикаров  -  Интернет жүйесі  сіздерде  кабель түрде тартылған бар. Интернет желісін күшейту  бойынша барлық желілерге хаттар жолдалынды.

Кіші Ақсу ауылының тұрғыны  А. Розиев – ауылымызға жаңа ФАП ғимараты салынама деп сұрақ қойды?

Ауылдық округ әкімі М. Абдикаров   - жер  белгіленіп,  мемлекеттік акт  алынды.  Қаражат  бөлінуі қажет.

Жиналыс барысында  айтылған ой – пікірлер  мен ұсыныстар , талаптар бойынша іс – шаралар жоспарын жасау және  оның орындалуын бақылауға алынатыны айтылды.   

Әкімнің халықпен есеп беру кездесулері
04 февраля 2026
Үлкен Ақсу ауылдық округі әкімінің 2026 жылдың І жартыжылдығындағы халықпен кездесуі

Үлкен Ақсу ауылдық округі әкімінің 2026 жылдың

І жартыжылдығындағы халықпен кездесуі

 

І. Тыңдалды: М. Абдикаров – ауылдық округ әкімі

Күн тәртібіндегі  мәселе бойынша Үлкен Ақсу ауылдық округі әкімінің баяндамасы тыңдалды.

Долайты ауылының тұрғыны  Р. Джамиев – бүгін  жиналысқа толық қанағаттарлық жауап алғанын айтты.

Долайты ауылының жігіт басы К.Усенов – ауылымызға жаңа ФАП ғимараты салынама деп сұрақ қойды?

Ауылдық округ әкімі М. Абдикаров  -  Жаңа ФАП  ғимаратын  салатын  жерге  мемлекеттік  акт дайындап, бөлінгеннен кейін  ғана жұмыстар жүргізіледі деген жоспар  бар деп жауап  берді.

Долайты отра мектебінің директоры  А. Даулетов – мектебімізге 100 орындық ұзарту бойынша  2024 жылы  ПЗД  жасалынған екен. Уақыты бітіп жатыр, кімге хабарласу керек деп сұрақ қойылды?

Ауылдық округ әкімі М. Абдикаров   - уақытында ескертілгені жақсы болды, аталған сұрақтар аудандық құрылыс бөлімі мен аудан әкімінің жеткіземін деп жауап берілді.

Жиналыс барысында  айтылған ой – пікірлер  мен ұсыныстар , талаптар бойынша іс – шаралар жоспарын жасау және  оның орындалуын бақылауға алынатыны айтылды.

Білім
Денсаулық сақтау
02 февраля 2026
«Нашақорлық және интернет алаяқтарының алдын алу»

«Нашақорлық және интернет алаяқтарының алдын алу»

2026 жылдың 02 ақпан күні Кіші Ақсу ауылы орта мектебінде 8–11 сынып оқушыларымен нашақорлықтың алдын алу және интернет алаяқтықтарының алдын алу мақсатында түсіндіру кездесуі өтті.

Іс-шараға Үлкен Ақсу ауылдық округінің полиция инспекторы, капитан М.Ахметов, Үлкен Ақсу ауылдық округі әкімі аппаратының жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы Г.Миталипова және салық маманы Н.Турганжан қатысты.

Кездесу барысында оқушыларға есірткі заттарының зияны, интернет алаяқтық түрлері, олардың алдын алу жолдары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сондай-ақ, жастарды заңға бағынуға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және зиянды әдеттердің алдын алу.

Ауыл шаруашылығы
30 января 2026
Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасары С.Жүмәділдің қатысуымен ауыл тұрғындарына арналған ауыл шаруашылығы бағытындағы түсіндіру жұмыстары жүргізілді

2026 жылдың 28 қаңтар күні Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасары С.Жүмәділдің қатысуымен ауыл тұрғындарына арналған ауыл шаруашылығы бағытындағы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараға:

аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Б.Садыков,

жер қатынастары бөлімінің басшысы Ю.Миталипов,

кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Р.Амаров,

ветеринария бөлімінің басшысы Е.Досымбеков,

«КАЗСУШАР» мекемесінің басшысы З.Тохсунов қатысты.

Кездесу барысында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған:

төмен пайыздық несиелеу бағдарламалары,

ауыл шаруашылығы техникаларын алу мүмкіндіктері,

дизель отынымен қамтамасыз ету тәртібі туралы жан-жақты ақпарат беріліп, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар ұсынылды.

Аталған оқу-түсіндіру жұмыстары ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдауға және мемлекеттік бағдарламалардың қолжетімділігін арттыруға бағытталды.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы