|
Ұйғыраудандықмәслихатының 2022 жылғы 07 қыркүйек № 7-11-55 шешіміне 7- қосымша |
Үлкен Ақсу ауылдық округінің 2022-2023 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары
1) Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы);
2) жайылым айналымдарының қолайлы схемасы;
3) жайылымдардың, оның ішінде маусымдық, жайылымдық сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы;
4) жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздеріне (суару немесе суландыру каналдарына) қол жеткізу схемасы;
5) жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы;
6) Үлкен Ақсу ауылдық округі маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы;
7) ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі.
Үлкен Ақсу ауылдық округінің аумағы құрғақ, даласы бетеге-селеулі белдем тармағына жатады. Дала өсімдігі басым болуы анықталды, оның негізгі түрлері: бетеге, селеулер, сұлыбас және шамалы даланың түрлі шөптерінің қатысуымен әр түрлі жусанның түрлері.
Жайылымдық алқаптардың орташа өнімділігі – 10,5 центнер/гектарды құрайды.
Жайылымдар жемдерінің қоры ұзақтығы 170-180 күн болатын жайылым кезеңінде пайдаланылады.
Үлкен Ақсу ауылдық округі Ұйғыр ауданыныңшығыс оңтүстігінде орналасқан.
Әкімшілік-аумақтық бөлінісі Үлкен Ақсу ауылы, Кіші Ақсу ауылы, Долайты ауылынан тұрады.
Табиғи ауа-райының жағдайлары бойынша: дала аймағының шегінде және агроклиматтық көрсеткіштер бойынша, олар үшін тән қасиет: қатал ұзақ қыста, қысқа қалыпты ыстық жазда, қыстың және жаз температураларының күрт қарама-қайшылықтарымен, жылдық жауын-шашынның аз мөлшерімен сипатталады.
Үлкен Ақсу ауылдық округінің жалпы жер көлемі 14987 гектар (бұдан әрі –), соның ішінде жайылымдар –12457 га .
Санаттары бойынша жерлер келесідей бөлінеді:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 10690 га;
елді мекендердің жерлері-4090 га ;
Үлкен Ақсу ауылдық округінің аумағындағы ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны: 6025 бас ірі қара мал, 19000 бас ұсақ мал, 1140 бас жылқы.
Ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері бойынша келесідей бөлінген:
іріқара мал – 30табын;
уақ мал - 27 отар;
жылқылар – 72үйір.
Жайылымдаркенттіңтабиғиклиматтықерекшелігінебайланыстытабиғижайылымдарғажатадыжәнекөбінесемалдыбағуүшінпайдаланылады. Жайылымдарды негізгі пайдаланушылар кенттің тұрғындары болып табылады.
Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жем-шөп кеқажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданды.
Ауылдық округ аумағында 1 ветеринарлық пункт және 1 мал қорымы, 1 тоғыту орны қызметістейді.
Ауылдық округ аумағында малды айдап өтуге арналған сервитуттар белгіленбеген.