
Округте Үлкен Ақсу ауылдық дәрігерлік емхана, Кіші Ақсу ауылдық фельдшерлік пункт, Долайты фельдшерлік акушерлік пункт жұмысын атқарып тұр.
Үлкен Ақсу ауылдық дәрігерлік емханасы 2019 жылы салынған, 3 дәрігер, 17 орта буынды медицина қызметкерлері қызмет етеді.
Кіші Ақсу ауылдық фельдшерлік пункті 1990 жылы салынған, 2 орта буынды медицина қызметкерлері қызмет етеді.
Долайты ауылдық фельдшерлік акушерлік пункті 1994 жылы салынған, 5 орта буынды медицина қызметкерлері қызмет етеді.
2022 жылдың 9 ай ішінде Үлкен Ақсу ауылдық округі бойынша 43 нәресте дүниеге келіп, 28 адам қайтыс болды.