
Ауылдық округтегі елді мекендерде; Үлкен Ақсу ауылында – мәдениет үйі, Кіші Ақсу, Долайты ауылдарында – ауылдық клубтар жұмыс істейді.
Үлкен Ақсу ауылдық мәдениет үйі 1980 жылы салынған, өртке қарсы шараларды сақтамағандары үшін Алматы облыстық экономикалық сотының шешімімен жабылған, күрделі жөндеуді қажет етеді.
Долайты ауылдық клубы 1950 жылдары салынған ғимарат пайдалануға жарамайды, жаңа клуб салуды қажет етеді.
Үлкен Ақсу ауылдық мәдениет үйінің жанында ауылдық кітапханасы жұмыс істейді, кітап қоры 23000 дана, оның ішінде мемлекеттік тілде 13000 дана.