Медицина қызметкерлері күніне орай ақ халатты абзал жандарға әкімшілік атынан Алғыс хат табысталып, мерекелерімен құттықталды.
Адам денсаулығын сақтаудағы қажырлы еңбектеріңіз, кәсіби шеберліктеріңіз бен жауапкершіліктеріңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Барша медицина қызметкерлеріне зор денсаулық, отбасылық бақыт, толағай табыс және еңбектеріне толағай жетістіктер тілейміз!
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығына орай еске алу және мерекелік іс-шаралар өтті.
Ұйғыр ауданының «Тасқарасу ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі
Уйғыр ауданының «Тасқарасу ауылдық округі әкімінің аппараты»" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету сұрақтары бойынша негізгі бағыттары:
- мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңнамалық актілерге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;
-мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасайды;
-көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынды;
-мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттырады;
-мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарайды және олардың заңда көрсетілген мерзімдерінің сақталу туралы ақпарат ұсынады;
-көрсетілетін қызметті алушылардың сұранысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетудің орындалу мерзімі туралы ақпарат береді;
-корсетілетін қызметті алушылардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына қарсы шаралар қабылдайды.
Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер
Уйғыр ауданының «Тасқарасу ауылдық округі әкімінің аппараты»" мемлекеттік мекемесі
Мекен жайы: индексі 041813, Алматы облысы, Ұйғыр ауданы,Тасқарасу ауылы, С.Сейфуллин көшесі, №35.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат
Уйғыр ауданының «Тасқарасу ауылдық округі әкімінің аппараты»" мемлекеттік мекемесінде 7 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:
4.« Елді мекенде шегінде обьектілер салу үшін жер учаскелерін беру -көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсыну
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
Аталған қызметтер электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде, мемлекеттік корпорация арқылы, "электрондық үкімет" порталы арқылы көрсетіледі.
Бөлім арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тегін түрде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны – 3.
2.« Елді мекенде шегінде обьектілер салу үшін жер учаскелерін беру -көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынды;
3.Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім қабылдау -мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарайды және олардың заңда көрсетілген мерзімдерінің сақталу туралы ақпарат ұсынады;
Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс
Көрсетілетін қызметті алушылармен кері байланыс жүргізіліп отырады. Атап айтар болсақ, қызмет алушылармен тиісті өтімдерін қарап, қажетті құжаттарды толықтыру немесе спорттық атақтарды беру шарттарын түсіндіру Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес өткізіліп отырады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобалары Ұйғыр ауданы Тасқарасу ауылдық округі әкімдігінің сайты арқылы, Ұйғыр аудандық газеті арқылы, әлеуметтік желілер арқылы, оның ішінде округтің https://www.instagram.com/tasqarasu_auyldyq_okrugi_?igsh=dnJyNXVvMzc5NWR3 инстаграм парақшасы арқылы жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар
Уйғыр ауданының «Тасқарасу ауылдық округі әкімінің аппараты»" мемлекеттік мекемесі тарапынан бекітілген жоспарға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып отырады. Ауыл ікімі мен жауапты маман тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтер үдерісіне тартылған мамандармен түсіндіру шаралары, қызмет алушылармен, қарапайым халықпен жиналыстар, акциялар мен семинарлар өткізіліп отырады.
2025 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 1439 қызмет көрсетілді. Атап айтқанда:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында жыл бойы 2 түсіндірме іс-шарасы ұйымдастырылды.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен адамдар жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мерзімдерінің, шағымдарды қарау мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ. Тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдар жоқ.
Жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру туралы ұсыныстар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижесіне сәйкес, Уйғыр ауданының «Тасқарасу ауылдық округі әкімінің аппараты»" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік мекемесі жұмысы «жақсы» деп бағаланды.
Аудан әкімі Тасқарасу ауылы тұрғындарымен кезекті тұрақты кездесу өткізді. Жиын басында әкім атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы жоспарлар мен жүзеге асырылатын жобалар туралы мазмұнды баяндама жасады.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан су каналдарын тазалау, спорт саласына демеушілік көрсету және ауыл көшелерінің жағдайы туралы мәселелер көтерілді. Ауылдың тыныс-тіршілігіне тікелей әсер ететін бұл ұсыныстар мұқият тыңдалып, олардың кезең-кезеңімен шешілетіні жеткізілді.
Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шығарылған күніне орай "Ауғаныстан - жүректегі жара" атты ардагерлермен кездесу ұйымдастырылды.
2026 жылдың 05 ақпан күні Тасқарасу ауылдық округінің әкімі Жақсылық Мысаханұлы Альмахуновтың Ауыл тұрғындарымен тұрақты кездесуі өтті.
Көктемгі дала жұмыстарының басталуына орай шаруа қожалықтарға қажетті минералды тыңайытқыштар, субсидия ала алмай жүрген қожалықтарға Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасары Самат Шайытқанұлының және Ұйғыр ауданының Ауылшаруашылық бөлімі басшысы Бауыржан Бақытұлының қатысуымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, инженерлік инфрақұрылым, көше жарықтары, ауыз су мен ауыл шаруашылығына қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Тұрғындар өз ұсыныстарын айтып, толғандырған сұрақтарына жауап алды.
Бота Серікқызы әрбір мәселенің назарда екенін айтып, ауылды дамыту бағытындағы алдағы жоспарларымен бөлісті.
Тұрғындармен ашық диалог — ауданның тұрақты дамуының басты кепілі.
Тасқарасу ауылдық округінде
23 маусым мемлекеттік қызметшілер
күніне орай, аудандық шағын футбол турнирі ұйымдастырылды. Турнирге ауданнан 5 команда қатысты. Ойын нәтижесі бойынша 1 орынды Шонжы ауылдық округі, 2 Орынды Дардамты ауылдық округі, 3 орынды Кіші Диқан және Шарын ауылдық округінің құрама командалары иеленді. Жарысқа қатысушылар Грамато, кубок және медальдармен марапатталды.
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелевичтің жолдауымен 2025 жыл жұмысшы мамандар жылы деп жарияланды. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды рөл атқаратын еңбек адамдарының мәртебесін арттыру, олардың кәсіби дамуы мен әлеуметтік жағдайын жақсарту – осы бастаманың негізгі мақсаты. Бұл шешім өндірістік саланың дамуын ынталандырып қана қоймай, қоғамдағы жұмысшы мамандықтарына деген құрметті қайта жаңғыртуды көздейді.
Тасқарасу ауылдық округі әкім аппараратының бас маманы
Бектуров Елжас Мақсатұлы