
Ағымдағы жылдың 8 қараша күні аудан әкімі Бота Серікқызы іс сапармен келді. Ауылымызды аралап күрделі жөндеуді талап етіп тұрған мәдениет үйін, әкімшілік ғимараттарын көріп шықты. Тасқарасу ауылының дәрігіерлік амбулаториясының күрделі жөндеу жұмысымен, газқұбырларын жүргізудегі қазба жұмыстармен танысты. Ауыл тұрғындарымен кездесіп округ әкімінің баяндамасын тыңдап, өз тарапынан аудан көлемінде атқарылған жұмыстармен таныстырып өтті. Тұрғындар ауылшаруашылық саласына және округтің ең өзекті деген мәселелерін көтерді. Артынша аудан әкімі тұрғындарды жеке қабылдап, ұсыныс-пікірлері мен сауалдарын тыңдады.