
Ауылымызда газ құбырларын жүргізу жұмыстары жалғасуда. Алайда жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасыз болуына байланысты, ауыл әкімінің шақыртуымен Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп мердігер компанияға ескерту берілді. Мердігер компания жұмысын реттеуге уәде берді.