
2023 жылдың 21 қыркүйек күні Тасқарасу ауылдық округінің мектеп актовый залында «Білім және жаңа инновациялық технологиялар орталығы» мекемесінің директоры Сманкулова Жанат Ерекенқызымен, «Алматы облысының ішкі саясат басқармасы мемлекеттік мекемесі «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ұйғыр ауданында қызмет жетекшісі Аликеева Кульжахан Какишқызы ауыл тұрғындарымен және мекеме басшыларына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауына насихаттау жұмысын жүргізді. Ауыл тұрғындарының түрлі бағыттағы сұрақтары мен ұсыныстарына жауаптар берілді.