
Ауыл әкімдігінің сұрауымен газ құбырларын жүргізу мәселесі бойынша "АлматыОбылгаз Engineering" мекемесінің бас инженері К. Шаянбаев, авторлық бақылау ЖШС "КАТЭК" өкілі А. Олейников, техникалық бақылау ЖШС "Қабылан эксперт" өкілі Н. Уразмахановпен және газ жүргізу жұмыстарымен айналысып жатқан мердігер компания басшыларымен кездесу өтті. Кездесу барысында ауыл әкімі жаңа асфальт төселген көшелерді қазуға ауыл тұрғындарының қарсы екендігін айтып жеткізді. Комисия мүшелері өз тараптарынан жер үсті газ құбырларын жүргізуді қарастыруға уәде берді.