15 мамыр - Халықаралық отбасы күні

15 мамыр - Халықаралық отбасы күні

Құрметті ауыл тұрғындары!

Баршаңызды 15 мамыр Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Қазақ үшін отбасынан киелі ештеңе жоқ. Өмірге келген нәрестеге ана махаббаты мен кіршіксіз таза көңілі ауадай қажет. Отбасы – адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Қай заманда, қай елде болмаса да отбасының адамзат ұрпағына ықпал мен әсерін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды.
Елімізде отбасы ұғымын дәріптейтін, кейінгі ұрпаққа үлгі ету мақсатында түрлі игі шаралар ұйымдастырылып жатыр. Бүгін Алматы облысының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Халықаралық отбасы күніне орай өткізілген "Үлгілі отбасы" байқауына ауданымыздың атынан Қатаевтар отбасы қатысып, мерейімізді үстем етіп І орынды иеленді. Үлгілі отбасын жеңісімен құттықтаймыз!