
Мемлекет басшысының тапсырмасымен жастарға 2,5 пайызбен несие беріле бастады. Кәсіп ашып, нәсіп табамын деушілер 5 млн тг дейін қарыз ала алады. Несиеден ниеттілер тұрғылықты жеріндегі жұмыспен қамту орталықтарына құжаттарын тапсыруы тиіс. Кредит "Аграрлық кредиттік корпорациясы" арқылы жүзеге асады.