Жастарға арналған 2,5 пайыздық несие
Несие 5-7 жылға беріледі. Ең жоғары сомасы – 5 миллион теңге
Жастарға арналған жаңа кредит "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ арқылы беріледі. Негізгі шарттары:
микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін (мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін – 7 жылға дейін);
микрокредиттің ең жоғары сомасы – 5 миллион теңгеге дейін;
сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 пайыздан аспайды;
микрокредит кепілмен қамтамасыз етілуі шарт.
Несие беру халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар арқылы жүзеге асырылады. Несие алатын уақытта үміткерлердің жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі бес жылдан аспаған болуы шарт.
Сондай-ақ, жобада микрокредит беру үшін үміткердің жасы құжаттарды тапсыру сәтінде ескерілетіні жазылған.