|
|
Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны жасау қағидалары (270.00-нысан) 1-тарау. Жалпы ережелер
2021 жылдан бастап: жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары; мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары; мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары; "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және "Банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Декларацияны табыс ету міндеті жүктелген адамдар; 2023 жылдан бастап: мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері мен олардың жұбайлары; квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың жұбайлары; 2024 жылдан бастап: заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) мен олардың жұбайлары; дара кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары; 2025 жылдан бастап: 1) кәмелетке толған адамдар; Қазақстан Республикасының азаматтары; қандастар; тұруға ықтиярхаты бар адамдар; Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар ұсынады; 2) бейрезиденттер болып табылатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар, егер есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша мына шарттардың бірі болған: құқықтары және (немесе) мәмілелері Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлкі; Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі; 3) мынадай адамдардың кез келгенінің заңды өкілдерінің бірі: әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі деп танылған және осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген адамдар санатына жататын кәмелетке толған адамның; он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адамдар осы адамдарда есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша мынадай жағдайлардың кез келгені басталған: меншік құқығында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлкінің, құқықтары және (немесе) мәмілелері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлкі болған; құрылысқа үлестік қатысу туралы шарт бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде жылжымайтын мүлік құрылысында үлесі болған; шетелдік банктердің Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі банктік шоттарында барлық банк салымдары бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – АЕК) мың еселенген мөлшерінен асатын жиынтық ақша сомасы болған; шарт немесе міндеттеменің немесе талаптың туындауына негіз болып табылатын, нотариат куәландырған (айғақтаған) өзге де құжат болған кезде, басқа адамдардың осы адам алдындағы берешегі (дебиторлық берешек) сомасының және (немесе) осы адамның басқа адамдар алдындағы берешегі (кредиторлық берешек) сомасы болған кезде жеке тұлғалар ұсынады.
1) күнтізбелік жылы үшін, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде алынған кірістер; 2) салықтық шегерімдер; 3) мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде сатып алу және (немесе) иеліктен шығару және (немесе) өтеусіз алу; 4) жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын, оның ішінде Салық кодексінің 351-бабында айқындалған салық шегерімі қолданылған жағдайда, жеке тұлғаның банк мекемелерінің Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алуға алынған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге арналған шығыстары туралы мәліметтерді ұсынуға келісімін көрсете отырып, есепке жатқызу және қайтару жөніндегі талаптар; 5) жиынтығында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанында қолданылатын АЕК мың еселенген мөлшерінен асатын сомада Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттардағы ақша; 6) есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша жеке тұлғаның меншік құқығындағы қолда бар мүлік: шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес, шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге тіркеуге (есепке алуға) жататын жылжымайтын мүлік; эмитенттері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген бағалы қағаздар; Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі; 7) Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берешекті қоспағанда, міндеттеменің немесе талаптың туындауына негіз болып табылатын, нотариат куәландырған (айғақтаған) шарт немесе өзге де құжат болған кезде басқа адамдардың жеке тұлға алдындағы берешегі (дебиторлық берешегі) және (немесе) жеке тұлғаның басқа адамдар алдындағы берешегі (кредиторлық берешегі) туралы ақпаратты жеке тұлғалардың көрсетуіне арналады.
1) қағаз жеткізгіште – қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып; 2) электрондық жеткізгіште – салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы жасалады.
Электрондық тасымалдағышта жасалған Декларация: 1) жеке тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы; 2) бір реттік парольді пайдалана отырып куәландырылады.
1) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз жеткізгіште – салық төлеуші пошта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасын алады; 2) электрондық түрде – салық төлеуші мемлекеттік кірістер органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінің салық есептілігін қабылдағаны немесе қабылдамағаны туралы хабарлама алады; 3) келу тәртібімен қағаз жеткізгіште – екі данада жасалады, бір данасы салық төлеушіге қайтарылады. 2-тарау. Декларацияны жасау
1) 1-жолда – жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН); 2) 2-жолда –Декларация табыс етілетін салық кезеңі араб цифрларымен. Күнтізбелік жыл Декларацияны табыс ету үшін салық кезеңі болып табылады; 3) 3-жолда – жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), телефон нөмірі (қалауы бойынша) және электрондық мекенжайы (қалауы бойынша); 4) 4-жолда – ұсынатын тұлғаның ЖСН. Декларацияны жасайтын жеке тұлға, кәмелетке толмаған және (немесе) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі тұлғаның заңды өкіл болған жағдайда ғана толтырады; 5) 5-жолда – Декларацияның түрі. Салық есептілігінің мынадай: бастапқы – мұндай Декларацияны табыс ету бойынша белгіленген міндет алғаш рет туындауына байланысты жеке тұлға табыс ететін Декларация; кезекті – бастапқы Декларация ұсынылғаннан кейін келесі салық кезеңдеріне ұсынылатын Декларация; қосымша – оған осы өзгерістер және (немесе) толықтырулар жататын салықтық кезең үшін бұрын ұсынылған Декларацияға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде жеке тұлға ұсынатын Декларация; хабарлама бойынша қосымша – мемлекеттік кірістер органы жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды анықтаған салықтық кезең үшін бұрын ұсынылған Декларацияға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде жеке тұлға ұсынатын Декларация түрлеріне жатқызуды ескере отырып тиісті ұяшық белгіленеді.
1) 01 жолында – төлем көзінен салық салуға жататын кіріс сомасын; 2) 02 жолында – жеке тұлғаның дербес салық салуға жататын кіріс сомасын; 3) 02А жолында – мүліктік кіріс сомасын; 4) 02В жолында – жеке практикамен айналысатын тұлғаның кіріс сомасын (N бөлімнің В бағаны жолдарының сомасы); 5) 02 жолында – Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден түсетін кіріс сомасын; 6) 02D жолында – дара кәсіпкер кірісінің сомасын көрсетеді.
1) 01 жолында – дербес салық салуға жататын кірістер бойынша, есептелген ЖТС сомасы (дара кәсіпкер қызметінен түскен табыстарды қоспағанда); 2) 01А жолында – жеке практикамен айналысатын тұлғаның кірісінен ЖТС сомасы (N бөлімнің С бағаны жолдарының сомасы); 3) 01В жолында – бақыланатын шетелдік компанияның (бұдан әрі – БШК) және бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің (бұдан әрі – БШК ТМ) жиынтық пайдасынан есептелген ЖТС сомасы); 4) 01С жолында – салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте тіркелген БШК және БШК ТМ жиынтық пайдасынан есептелген ЖТС сомасы; 5) 01D жолында – Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған кірістердің ЖТС сомасы; 6) 02 жолында – Салық кодексінің 359-бабы 1-тармағының ережелеріне сәйкес ұлттық валютада есептелген, Қазақстан Республикасында ЖТС төлеу кезінде есепке жатқызуға жататын, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған кірістерден шетелдік табыс салығының сомасы; 7) 03 жолында – жұмыстарды орындаудың (қызметтерді көрсетудің) әрбір айы үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын АЕК-тің екі еселенген мөлшері мөлшерінде есептелген, еңбек көші-қонының ЖТС бойынша алдын ала төлем ретінде төлеген сомасы; 8) 04 жолында – төлеуге жататын және мынадай тәртіппен айқындалатын ЖТС жиынтық сомасы: 01 жол алу 01А жол алу 01В жол алу 01С жол алу 02 жол алу 03 жол; 9) 05 жолында – жеке тұлғаның орналасқан жері бойынша аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппаратының бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) көрсетіледі.
1) 01 жолында – сатып алынған мүлік құнының (бағасының) жалпы сомасын; 2) 02 жолында – мүлікті сатып алуға арналған шығыстарды жабуға арналған кіріс көздерінің жалпы сомасын; 3) А бағанында – толтырылатын жолдың реттік нөмірін; 4) В бағанында – сатып алынған (алынған) мүліктің түрін; 5) С бағанында – құқық белгілейтін құжаттар негізінде В бағанында көрсетілген мүліктің сәйкестендіру нөмірін; 6) D бағанында – сатып алынған мүлік елінің коды. Елдің коды "Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен (бұдан әрі – № 378 КОК шешімі) бекітілген "Әлем елдерінің жіктеуіші" 22-қосымшасында белгіленген екі таңбалы әріптік кодтауға сәйкес көрсетіледі; 7) Е бағанында – мүлік сатып алынған теңгедегі құнын (бағасын); 8) F бағанында – мүлікті сатып алуға арналған шығыстарды жабуға арналған кіріс көзінің атауын; 9) G бағанында – мүлікті сатып алуға арналған шығыстарды жабуға арналған кіріс көзінің ЖСН/БСН; 10) H бағанында – мүлікті сатып алуға арналған шығыстарды жабуға арналған кіріс көзінің теңгедегі сомасын көрсетеді.
1) А бағанында – толтырылатын жолдың реттік нөмірін; 2) В бағанында – иеліктен шығарылған (берілген) мүліктің түрін; 3) С бағанында – құқық белгілейтін құжаттар негізінде В бағанында көрсетілген мүліктің сәйкестендіру нөмірін; 4) D бағанында – иеліктен шығарылған мүлік орналасқан елдің кодын көрсетеді. Елдің коды № 378 КОК шешімімен бекітілген "Әлем елдерінің жіктеуіші" 22-қосымшасында белгіленген екі таңбалы әріптік кодтауға сәйкес көрсетіледі; 5) Е бағанында – мүлікті сатып алушының (алушының) тегі, аты, әкесінің атын (ол болған кезде)/атауы; 6) F бағанында – В бағанында көрсетілген мүлікті сатып алушының (алушының) ЖСН/БСН; 7) G бағанында – мүлік сатылған теңгедегі құнын (бағасын) көрсетеді.
1) А бағанында – толтырылатын жолдың реттік нөмірін; 2) В бағанында – банк мекемесінің сәйкестендіру нөмірін; 3) С бағанында ақша сақталатын банк мекемесінің атауын; 4) D бағанында – банк мекемесін тіркеген елдің кодын көрсетеді. Елдің коды № 378 КОК шешімімен бекітілген "Әлем елдерінің жіктеуіші" 22-қосымшасында белгіленген екі таңбалы әріптік кодтауға сәйкес көрсетіледі; 5) Е бағанында – № 378 КОК шешімімен бекітілген "Валюталар жіктеуіші" 23-қосымшасында белгіленген үш таңбалы әріптік кодтауға сәйкес көрсетілетін валюта коды; 6) F бағанында – Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттарда жиынтығында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына қолданыста болатын АЕК-тің мың еселенген мөлшерінен асатын сомадағы ақшаны көрсетеді.
Салық төлеуші есепті күні олар болған кезде мынадай деректерді: 1) А бағанында – толтырылатын жолдың реттік нөмірін; 2) В бағанында – берешек түрін (дебиторлық/кредиторлық); 3) С бағанында – дебитордың/кредитордың ЖСН/БСН; 4) D бағанында – дебитордың/кредитордың тіркелген елінің кодын көрсетеді. Елдің коды № 378 КОК шешімімен бекітілген "Әлем елдерінің жіктеуіші" 22-қосымшасында белгіленген екі таңбалы әріптік кодтауға сәйкес көрсетіледі; 5) E бағанында – берешегі бар валюта кодын көрсетеді. Валюта коды № 378 КОК шешімімен бекітілген "Валюталар жіктеуіші" 23-қосымшасында белгіленген үш таңбалы әріптік кодтауға сәйкес көрсетіледі; 6) F бағанында – есептелген сыйақы (пайыздар) сомасын қоса алғанда, берешек сомасын; 7) G бағанында – нотариаттық іс-әрекеттерді жүргізген нотариустың ЖСН көрсетеді.
1) А бағанында - толтырылатын жолдың реттік нөмірін; 2) В бағанында – шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге тіркеуге (есепке алуға) жататын не ол бойынша құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге (есепке алуға) жататын мүліктің түрін; эмитенттері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген бағалы қағаздарды; Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесін; 3) С бағанында – құқық белгілейтін құжаттар негізінде В бағанында көрсетілген мүліктің сәйкестендіру нөмірін; 4) D бағанында – мүлікті тіркеу елінің кодын көрсетеді. Елдің коды № 378 КОК шешімімен бекітілген "Әлем елдерінің жіктеуіші" 22-қосымшасында белгіленген екі таңбалы әріптік кодтауға сәйкес көрсетіледі; 5) E бағанында – мүлікті тіркеу мекенжайын көрсетеді.
ЖТС бойынша асып кетуді қайтару туралы талап етілген жағдайда, банктік шотқа қайтаруға жататын соманы, бенефициардың жеке сәйкестендіру кодын (ЖСК) және банктік сәйкестендіру кодын (БСК) көрсету қажет.
1) А бағанында –табыс алынған кезеңді (ай); 2) В бағанында – есепті салық кезеңінің әрбір айы үшін алынған кіріс сомасын; 3) С бағанында – есепті салық кезеңінің әрбір айы үшін бюджетке төленуге жататын ЖТС сомасын көрсетеді.
1) А бағанында – толтырылатын жолдың реттік нөмірін; 2) В бағанында – БШК-нің немесе БШК ТМ-ның атауын; 3) С бағанында – БШК-нің немесе БШК ТМ құрылған (инкорпорацияланған) елдің кодын көрсетеді. Елдің коды КОК № 378 шешімімен бекітілген "Әлем елдерінің жіктеуіші" 22-қосымшасына сәйкес екі таңбалы әріптік кодтауға сәйкес көрсетіледі; 4) D бағанында – олар құрылған (инкорпорацияланған) елдегі әрбір БШК-нің немесе әрбір БШК ТМ-ның мемлекеттік (салықтық) тіркеу нөмірі көрсетіледі. БШК-де немесе БШК ТМ-да екі тіркеу болған кезде: мемлекеттік және салықтық тіркеу болса, онда осы бағанда салықтық тіркеу нөмірін көрсету қажет; 5) E бағанында – Салық кодексінің 294-бабына, 297-бабының 7-тармағына сәйкес айқындалатын дербес немесе бақыланатын тұлға (бақыланатын тұлғалар) арқылы салық төлеуші-резиденттің БШК-де тікелей, жанама, конструктивті иелік етуі немесе тікелей, жанама, конструктивті бақылауы кезінде әрбір БШК-де тікелей, жанама, конструктивті қатысуы немесе бақылау коэффициентінің мөлшері; 6) F бағанында – валютаның, қаржылық пайданың кодын көрсетеді; Валюта коды № 378 КОК шешімімен бекітілген "Валюталар жіктеуіші" 23-қосымшасында белгіленген үш таңбалы әріптік кодтауға сәйкес көрсетіледі; 7) G бағанында – Салық кодексінің 340-бабы 1-тармағына, 297-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес айқындалатын, шетел валютасындағы әрбір БШК-ге немесе әрбір БШК ТМ-ға салық салынғанға дейінгі қаржылық пайданың оң шамасын; 8) H бағанында – есепті кезеңнің дәйекті алдындағы екі кезеңде туындайтын БШК немесе БШК ТМ шығындары сомасы; шетел валютасындағы кемітулер сомасы; Салық кодексінің 340-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес шетел валютасындағы кемітулер сомасы; Салық кодексінің 340-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес шетел валютасындағы кемітулер сомасы; Салық кодексінің 340-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес шетел валютасындағы кемітулер сомасы; Салық кодексінің 340-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес шетел валютасындағы кемітулер сомасы; Салық кодексінің 340-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес шетел валютасындағы кемітулер сомасы; Салық кодексінің 340-бабы 3-тармағының 6) тармақшасына сәйкес шетел валютасындағы кемітулер сомасы; Салық кодексінің 340-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес шетел валютасындағы кемітулер сомасы; Салық кодексінің 340-бабы 3-тармағының 8) тармақшасына сәйкес шетел валютасындағы кемітулер сомасы; Салық кодексінің 340-бабы 3-тармағының 9) тармақшасына сәйкес шетел валютасындағы кемітулер сомасы; Салық кодексінің 340-бабы 3-тармағының 10) тармақшасына сәйкес шетел валютасындағы кемітулер сомасы; БШК-нің немесе БШК ТМ-ның шетел валютасындағы кемітулері мен шығындарын ескере отырып, қаржылық пайда; шетел валютасында салық салуға жататын қаржылық пайда; ұлттық валютада салық салуға жататын қаржылық пайда; шетел валютасындағы қаржылық есептілік бойынша пайдаға салынған шетел салығының сомасы; ұлттық валютадағы есепке жатқызылуы тиіс пайдаға салынған шетел салығының сомасы; БШК және БШК ТМ жиынтық пайдасы; жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелгендерді қоспағанда, БШК және БШК ТМ салық салынатын кірісінің сомасы; жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелген БШК және БШК ТМ салық салынатын кірісінің сомасы; БШК немесе БШК ТМ қаржылық пайдасынан шетел салығын есепке жатқызу болған кезде толтырылады.
1) "Салық төлеушінің/заңды немесе уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)" деген ашық жолда – жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес салық төлеушінің/заңды өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде); 2) "Декларацияның тапсырылған күні" деген ашық жолда – Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органына Декларацияның табыс етілген күні; 3) мемлекеттік кірістер органының коды ашық жолында: дара кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлғалар, жеке практикамен айналысатын адамдар үшін – тұрғылықты (болатын) жері бойынша мемлекеттік кірістер органының коды; дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғалар, жеке практикамен айналысатын адамдар үшін – орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органының коды көрсетіледі; 4) "Декларацияны қабылдаған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)" деген ашық жолда – Декларацияны қабылдаған мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде); 5) Декларацияны қабылдау күні – Салық кодексінің 209-бабы 2-тармағына сәйкес Декларацияны табыс ету күні; 6) құжаттың кіріс нөмірі – мемлекеттік кірістер органы беретін Декларацияның тіркеу нөмірі; 7) пошта штемпелінің күні – пошта немесе өзге де байланыс ұйымы қойған пошта штемпелінің күні көрсетіледі. Осы тармақтың 4), 5), 6), 7) тармақшаларын Декларацияны қағаз жеткізгіште қабылдаған мемлекеттік кірістер органының қызметкері толтырады.
|