Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама

«Ұйғыр ауданының Сүмбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Сыбайлас жемқорлық   тәуекелдеріне   ішкі талдау нәтижелері

туралы талдамалық  анықтама

                Сүмбе ауылы.                                                                          21.09.2023 жыл

        Кіріспе:

      «Сүмбе ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі» сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі талдау 2023 жылғы 05 қыркүйектегі   № 12 н/қ өкіміне сәйкес   жүргізілді.

     2022 жылдың  01 қаңтарынан -  31 желтоқсан  аралығындағы кезеңдеріне «Ұйғыр ауданының Сүмбе ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметіндегі  сыбайлас  жемқорлық  тәуекелдеріне  ішкі талдау  жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылды:     1) мекеменің  қызметін қозғайтын  нормативтік  құқықтық актілерде және сыбайлас  жемқорлық  тәуекелдерін анықтау;

      2) мекеменің  ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

      Мекеме қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде  және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    « Ұйғыр ауданының Сүмбе ауылдық округі әкімі аппараты »ММ-сі  құрылтай құжаттарына  сәйкес  заңды тұлға ретінде 2013 жылдың  11 наурыздан бастап  салық төлеуші  іретінде тіркелген. Мекеме өз қызметін     Қазақстан Республикасының Конституциясы  және Заңдарына, ҚР Президентімен Үкіметінің  актілеріне, Ұйғыр ауданы  әкімдігінің 13 қазан 2015 жылғы № 10-277 қаулысымен  бекітілген «Ұйғыр ауданы Сүмбе  ауылдық округі  әкімінің  аппараты» мемлекеттік мекемесінің  үлгілік Ережесіне  сәйкес  өз қызметін  жүзеге  асырып жатыр.

      Мекеменің  нормативтік  құқықтық  актілер  қызметі  (шешімдер, өкімдер) дискерциялық  өкілеттіктерін жасауға  ықпал  ететін нормаларды сыбайлас жемқорлық  құқық бұзушылықтар  анықталған жоқ.

     Әкім аппараты өз қызметінде:

 Сүмбе  ауылдық  округінің штаттық кестесіне сәйкес қызметкерлер саны – 13 адамды құрады, оның ішінде: 

- 7 мемлекеттік қызметкер

- 5 еңбек шарты бойынша (мемлекеттік қызметкер болып табылмайды)

Округ әкімі аппаратында мемлекеттік  әкімшілік қызметшілердің ұлттық құрамы бойынша  қазақ ұлтының өкілдері.  Оның ішінде 3 ер адам, 4 әйел адам.

  Әкім аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерінің теріс себептермен жұмыстан шығарылғаны жоқ.

 

Сонымен қатар, әкім аппараты  қызметкерлерімен қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тиымдарды бұзу актілері анықталған жоқ. 

  Талдау жүргізу кезеңінде мемлекеттік қызметтен жұмыстан шығару, қызметі бойынша жоғарылату немесе төмендету фактілері болған жоқ.  Сонымен қатар, әкім аппараты қызметкерлері арасында мүдделік таластар мен даулар тіркелген жоқ. 

Мүдделер қақтығысын реттеу

Әкім аппараты   қызметкерлерін талдау барысында жақын тумаластардың, ерлі-зайыптылардың және жақын адамдарының бірге қызмет істеуі (жұмыс) анықталған жоқ. 

Мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде мемлекеттік қызметшілердің әлеуетті өнім берушілер мен қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тиымдарды бұзу актілері анықталған жоқ. 

Мемлекеттік қызмет көрсету

Әкім аппараты   мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес белгіленген  мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызмет регламенттері бар.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру түрі: электрондық түрде және қағаз тасығышында.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету электрондық түрде жүзеге асырылады.

    Мекемеде мемлекеттік қызмет көрсетудің  төмендегі түрлері бойынша  қызмет көрсетіледі:

  • Елді мекен шегінде тұрғын үй құрылысын  және  өзіндік  қосалқы  шаруашылығын жүргізуге  жер учаскесін  алу үшін кезекке қойылған 13 өтініш тіркелді.

Оның ішінде 13 адам жер алуға кезекке қойылды.

  • Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім берілген жоқ.

 

  • Медициналық тексеруден өтуге отбасы туралы анықтама беру- 30.

Түскен өтініштердің барлығы жеке тұлғалардан, барлығы қанағаттандырылды.

Артық құжаттарды талап ету, қызметті көрсетуден бас тарту фактілері анықталған жоқ.

     Ауылдық  округ әкімдігінің ғимаратында мемлекеттік қызмет  көрсету  түрлерімен арнайы  тақта  орналастырылған. Бүгінгі  күнге  ауылдық  округ әкімінің аппараты  төмендегі мелекеттік қызмет көрсету  түрлерін  көрсетеді:

  • Жер учаскесінің нысаналы мақсатын  өзгерту
  • Елді мекен аумағында жер учаскесін беру
  • Кезекке қою

 

    Жоғарыда жазылғандарға сүйене отырып, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелділігіне мүмкіндік жоқ екендігі анықталды. 

Бақылау функцияларын іске асыру

Әкім аппаратының қызметі келесі түрлерге бөлінеді: 

- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау ; 

- мемлекеттік қызмет көрсету ;

- мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастыру ;

-салық жинау жұмыстары ;

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру  кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелділігіне мүмкіндік жоқ екендігі анықталды. 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелділігін ішкі талдау нәтижелерін ескере отырып, мынадай қорытындыға келемін. 

  Әкім аппараты қызметін, қызметкерлерді басқару, мүдде жанжалы, бақылау-қадағалау функцияларын іске асыру, реттейтін заңнаманы талдау бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелділігі ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет бағытында анықталған жоқ. 

 

  Комиссия төрағасы:                                     Б.Солтанбаев

  Хатшысы : Бас маман                                  Г.Атагулова

                          

                        Бас маман                                  Еділ Ұлдақан

 

Сүмбе ауылынының ақсақалдар

  кеңесінің төрағасы                                         Қ.Мереймов



 

Дата публикации
20 октября 2023