2025-2030 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы
Ұйғыр аудандық мәслихатының 2025 жылғы «____»___________ №_________ шешімімен бекітілген. Ұйғыр ауданы бойынша 2025-2030 жылдары жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары . Алматы облысы Ұйғыр ауданы 2025 жыл Ұйғыр ауданы бойынша 2025-2030 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар 1) Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Ұйғыр ауданының аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы) (Ұйғыр ауданы бойынша 2025-2030 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарына (1 қосымша); 2) Жайылым айналымдарының қолайлы схемалары (Ұйғыр ауданы бойынша 2025-2030 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарына (2 қосымша); 3) Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы (Ұйғыр ауданы бойынша 2025-2030 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарына (3 қосымша); 4) Жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы (Ұйғыр ауданы бойынша 2025-2030 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарына (4 қосымша); 5) Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы (Ұйғыр ауданы бойынша 2025-2030 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарына (5 қосымша); 6) Ауыл, ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы (Ұйғыр ауданы бойынша 2025-2030 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарына (6 қосымша); 7) Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі (Ұйғыр ауданы бойынша 2025-2030 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарына (7 қосымша). Кіріспе Ұйғыр ауданы ауыл шаруашылығына негізделген соңғы уақытта мал шаруашылығы қарқынды дамып келе жатқан аймақ. Сондықтан, осы саланың қалыпты және тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін жайылымдық алқаптарды ұтымды және тиімді пайдалану жөніндегі шаралар кешенін қабылдап, жайылымдардың тозуын болдырмау және олардың жағдайын жақсарту бойынша тиісті жұмыстар жүргізу қажет. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №3-3/332 «Жайылымның жалпы алаңы жүктемесінің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» бұйрығы негізінде ауылдық округтер және шаруа қожалықтары,жалпы аудан аумағындағы төрт түлік мал басының жайылымдық жерлерімен қамтылу жағдайына талдау жүргізілді. Әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша ауданда 14 ауылдық округ орналасқан. Ауданның көпшілік бөлігі көтеріңкі жазық. Батысының Еңбекшіқазақ ауданымен шектесетін тұсында аласа келген Бұғыты таулары, Сөгеті жазығы, оңтүстік-батысы Торайғыр тауларымен шектелген. Көтеріңкі келген оңтүстік бөлігін батыстан шығысқа қарай созылған Кетпен (Ұзынқара) жотасы алып жатыр. Ауданның ең биік жері де осында орналасқан (Аспантау, 3652 м). Оның солтүстік беткейіңде шырша, қайың, тал өскен орман қалыптасқан. Сонымен бірге жер асты ыстық су көздері де (Албан-Арасан) бар. Ауданның климаты тым континенттік, кысы суық, аязды, жазы ыстық. Қаңтар айындағы жылдық орташа температурасы -6-8°С, шілдеде +22-24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері — 250- 300 мм, таулы бөлігінде 400-500 мм. Аудан жерімен Іле, Шарын өзендері және Кетпен жотасынан бастау алатын Шошанайсай, Ақсу, т.б. шагын өзеңдер ағады. Олардың кейбірі Ілеге жетсе, кейбірі құмға, жерге сіңіп кетеді. Ағаш, Тұзкөл көлдері Шарын өзенінің сағасында орналасқан. Жерінің басым бөлігінің топырағы сұр, қиыршықты сұр, Іле аңғарында шалғынды сұр, сортаң топырақ дамыған. Тау алды жазығында бозғылт қоңыр, қоңыр, карбонатты қоңыр топырақ қалыптасқан. Тау баурайында таудың шымды қоңыр топырағы, шалғынды-қошқыл топырақ орын алған. Өсімдік жамылғысында жусан, көкпек, ши, жыңғыл, қамыс, құрақ, сексеуіл, арша, шырша, Қазіргі уақытта ауданымызда барлық санаттағы шаруашылықтарда 72919 бас ірі қара, 170123 қой-ешкі,16309 бас жылқы, 31 түйе және 21400 құс бар. Ауданда 14 мал дәрігерлік пункті, 4 мал тоғыту орындары және 11 мал өлекселерін тастайтын қорым бар. РЕЛЬЕФ Аудан аумағы рельефтің сипаты бойынша үш негізгі аймаққа бөлінеді: 1.Тау 2.Тау бөктері 3.Ойпатты жазық Таулы аймақ – ауданның оңтүстік және оңтүстік-батыс бөлігін қамтиды және «Кетпен» тау жотасының солтүстік сілемдерімен , оңтүстік бөлігі сүйір шыңдармен асау тау өзендерімен сипатталады Ең биік шыңы теңіз деңгейінен 3556 метр биіктікке орналасқан. Таулы аймақтың батыс жағы рельефы тегіс пішінді болып онтүстік жағына қарағанда су тарамдары аз, ал тау шыңдары абсолютті биіктіктен 1500-1800 метрге кем Мұнда гидрографиялық желі нашар дамыған. Көптеген жерлерде шығыс жолдары бар, көптеген үлкен тегіс жерлер кездеседі. Тау етегінің аймағы - таулы аймақ теңіз деңгейінен 1000-1500 м биіктікте, көптеген дөнесті белдермен және жұмсақ беткейлі, сай салаларында су ағатын еністік болып келеді. Аймақ солтүстікке қарай біртіндеп еңістеп теніз денгейінен 650-750 м-ге дейін биіктікте болады. Етек жағы ұсақ қиыр тастау болып, таудан аққан өзендер тарамдалып кетеді Төменгі аймақ – Іле өзеніне дейінгі барлық аймақтің абсолюттік белгісі теніз денгейінен 500-650 м биіктікке орналасқан. Рельефі Іле өзеніне қарай аздап енкіштеу келеді. Бұл арлық жалпы ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге қолайлы. Одан ары солтүстікке қарай құмдауыт болып келеді. Төменгі аймактың кей жерлері саздау және сорлау болып, Шарын өзенінің манайы көбірек саздауыт болады. КЛИМАТ - ауданның климаттық жағдайларын қалыптастыру сипаты жер бедеріне қатты әсер етеді. Ұйғыр ауданының климаты континентальды болып келеді. Континенталдылық ауа температурасының жылдық және күнделікті ауа райында байқалады. Таудың бағыты бойынша жауын-шашын мөлшері, ауа температурасының төмендеуі және атмосфералық қысымның төмендеуі байқалады. Аудан 4 табиғи –шаруашылық аймақтарға бөлінеді. Осы аймақтардың климатын сипаттау үшін «Подгорный», Добун, Шонжы метеостанцияларының деректері пайдаланылды. 4. Аймақ - аймақ альпі және субальпілік шалғынды, қыста бір қалыпты температура және жазда ыстық. Көктемгі үсік мамыр айының соңында аяқталады, ауа-райы тамыз айының соңында - қыркүйек айының басында өзгереді. Аязсыз кезеңнің орташа ұзақтығы шамамен 100 күн, ал кейбір жылдары көктемгі және ерте күзде екі есеге дейін азаюы мүмкін. Жыл сайынғы жауын-шашын ылғалдылығы 600 мм-ден асады, ал ауа температурасы 10° -дан жоғары кезеңде 250 мм-ден асады. Қардың орташа қалыңдығы қазан айының соңында қалыптасады, ал көктемде ол сәуірдің үшінші онкүндігінде еріп бітеді. Қардың биіктігі қыстың соңында 80 см жетеді, ал тұрақты қардың орташа ұзақтығы 160 күннен асады. 3. Аймақ - климаты әртүрлі аймақ. Ыстық және ылғалды климат солтүстік беткейлерде ерекшеленеді, суық аймақтарға - тау сілемдері жатады. Таудың тау беткейлері бойынша аязсыз кезең 140-170 күнге созылады, ауданда салқын ауа райы 100 күннен аспайды. Осы аймақтың таулы бөлігінде көктемгі қатқақ сәуір-мамыр айының басында ерекшеленеді, тауларда мамыр айының соңында . Күзгі аяздар қыркүйектің екінші жартысын қайта жанданды. Жыл сайынғы жауын-шашының ылғалдылығы шамамен 400-500 мм құрайды, олардың көпшілігі жылы ауа-райында. Бұл аймақтың көптеген аудандарында қардың қалын түсуы қараша айының екінші жартысында , ал таулы аймақтарда қараша айының бірінші он күндігінде байқалады. Көктемде наурыздың екінші он күндігінде және жоғары таулы аймақтарда – сәуір айының бірінші жартысында топырақ қардан босатылады. Қыстың соңына қарай қардың қалындығы 25 см жетеді, ал таулы аймақтарда 40-60 және 80 см дейін жетеді. Қардың жату мерзімі 4-4,5 айға дейін созылады, ал таулы аймақтарда 150-160 күн. 2.Таулы-дала аймақ. Қыраттар мен орта таулардың климаттық жағдайы салыстырмалы түрде жұмсақ. Шілде айындағы температура 20-23 ° аралығында ыстық , қаңтарда - шамамен 7 ° аяз, жылдың орташа температурасы 7 °-9° жылы , көктемгі 0 ° арқылы ауа арайының ауысуы наурыз айының алғашқы бес күндігінде, ал күзде қазан айының төртінші бес күндігінде.Температураның 10 ° -қа дейін көтерілуі 13-24 сәуірде және қазанның бірінші жартысында келеді. Көктемгі аяз негізінен сәуірдің екінші жартысында аяқталады, ал күзгі аяз қазан айының ортасында келеді. Аязсыз кезеңнің орташа ұзақтығы 5-6 айды құрайды. Жыл сайынғы жауын-шашын 350-400 мм-ге ауытқиды. Қардың қалын түсуі қараша айының соңына желтоқсан айының басына, ал көктемде қардың еріп жердің ашылуы наурыз айының екінші жартысына келеді. Қардың қалын түсіп қыстың ұзақтығы шамамен 120 күнге созылады.. 1.Далалық аймақ жоғары құрғақтылықпен ерекшеленеді.Оның ішінде шығыс және солтүстік-шығыс өңірлер басқа аймақтаға қарағанда төмен температураға ие. Қаңтар айыныңдағы аяздың температурасы 9°дан 11° C - ге дейін өзгереді. Шілде айының температурасы +23 +25 ° болады. Күннің 0° тан жоғарлауы 7-18 наурызда, ал 0°-тан төмендеуы 10-20 қарашада келеді. Көктемде күнделікті орташа температура + 10° ке дейін ауысуы сәуір айының бірінші жартысында, ал күзде 7-15 қазанда. Көктемгі аяз 17-22 сәуірде тоқтайды, аяз қыркүйек айының соңында қазан айының басында жалғасады. Аязсыз кезеңнің орташа ұзақтығы - 140-170 күн. Солтүстік-шығыстағы қардың түсуы желтоқсан айының басында, ал оңтүстігінде желтоқсан айының ортасында жүреді. Қыстың соңына қарай қардың биіктігі 8-15 см астам, ұзақтығы 3 айға жетеді, ал оңтүстігінде шамамен екі айға созылады. Осы аймақта жауын-шашынның жылдық мөлшері 200-250 мм құрайды. Бұл жағдайда жылы кезеңнің жауын-шашыны жыл сайынғы мөлшердің үштен екібөлігін құрайды. ТОПЫРАҚТЫҢ ЖАМЫЛҒЫСЫ Бұл аймақтың территориясында әр түрлі табиғи- шаруашылықтық аймақтар бар. Аудан аумағында төмендегідей табиғи шаруашылықтық аймақ бөлінеді: 1.Жоғары таулы аймақ 2. Тау және тауаралық аймақ 3. Тау етегі аймағы 4.Далалық аймақ Тау және жоғары таулы аймақтың топырақтары таулы қара топырақты болып келеді. Тау қара топырағы қарқынды қара бояумен ерекшеленеді, олар айқын майда құрылымы бар. Жоғарғы қарашіріктің 12%. Таулы аймақтағы қара қоңыр топырақта әр түрлі шөптер мен өсімдіктер өседі. Қара қоңыр топырақ өте табиғи құнарлылығымен ерекшеленеді. Жоғарғы горизонттағы қарашіліктің құнарлығы 2,5-тен 4% -ға дейін жетеді. Өсімдіктер үшін қоректік заттармен жақсы қамтамасыз етілген.Тау етегі 650-1200 м тегістікті қамтиды. Тау етегінің топырағы ашық қоңыр түсті болып келеді, төмендеген сайын сұр топыраққа айналады. Ашық қоңыр топырағы төмен профиль қалыңдығы мен қиыршық тастың құрамымен сипатталады. Жоғарғы қабатындағы гумустың құнарлылығы 2 ден 2,5% ға дейін жетеді. Жай сұр топырақтың құнарлылығы төмен болып (1,5-2,0%) сипатталады . Барлық сұр топырақтың құрамы киыршық ұсақ тасты болып келеді. Дала аймағының топырақ жамылғысы ашық-сұр топырақты. Бұл топырақтардың шымдық қабаты әлсіз болып, құнарлылығы 1% сипатталады. Ашық - қоңыр, және қарапайым ақшыл сұр топырақтардың ылғалдың сақталуы жеткіліксіз және киыршық ұсақ тастау болғандықтан түбегейлі жақсартуға келмейді, бірақ үстінгі қабатын жақсарту арқылы пайдалануға болады. Аймақтық топырақтан басқа, аймақ аралық топырақ, шалғынды-сұр және шалғынды топырақ кездеседі. Олардың барлығы тұзды. Аудандағы жалпы жер қорының 12% түбегейлі жақсартуға келеді. Осы таңдалған жер телімдерінен, жоғары сапалы жайылымдарға бірінші кезекте қара топырақты, қара-сұр , ашық сұр , жай және ашық сұр жерлер жатады.Дамудың екінші және үшінші кезегіне құмдаут және тұздалған жерлер жатады. Өсімдіктер Ұйғыр ауданындағы өсімдіктер жамылғысы әр алуан түрлілігімен ерекшеленеді және топография, топырақ, климаты және геологияға байланысты физика-географиялық жағдайлары алуан түрлілігін ерекшеленеді. Табиғи аймақтарға мыналар жатады: құмдаут , шөл-дала, тау етегі және биік таулар. Шөл дала аймағы Іле өзенінен (теңіз деңгейінен 500 метр биіктікте) басталады. Өсімдік жамылғысы түрдің қатынасында нашар және шалғынды, сортаңға және құмды бірлестіктерге бөлінеді.Шалғындық өсімдіктер Іле өзенінің аңғарында және ойпаттарында әзірленеді . Өзеннің жағасы қалың тоғайлы және қамысты болып келеді. Бұл аймақтағы шабындықтың мөлшері - 15-20 ц / га келеді. Ауданның жерінің басым бөлігі ірі қара және ұсақ малға сорланған жайлымдық болып келеді. Бұл жайылымдардың өнімділігі орташа 2-3 ц / га құрайды. Құмдар бөлінбеген массивтермен ұсынылған. Төбешіктер мен жоталарда, беткейлерінде сексеуілдер өседі. Осы құмда өсетің теріскен , біте- теріскен, изен және басқа өсімдіктерден 2-4 ц/га мал азығы дайындалады. Бұл жайылым - көктемгі-күзгі-қысқы маусымдарда ірі қара малы мен ұсақ малдарға пайдаланылады.Тау етегі аймағы төмен таулар, аралық таулар алқаптарын қамтиды. Өсімдік жамылғысында жусан мен дала шөптері басым болып келеді. Жусанды жерлерде жусанның жіңішке түрі, астық тұқымдастан кілқан және кілқан боз шөптері басым. Өсімдіктер таудың етегіне қарай өседі.Бұл жерлерді көктемгі, жазғы, күзгі уақыттырда малдың жайылымы ретінде пайдаланады, шөптің шығымдылығы гектарына 2-4 ц/га. Төменгі таулы жерлердегі жайылымдар негізінен жұсанды және қылқанды болып келеді. Бұл аймақтарда жұсанды және қылқанды шөптерге аралас сұқсыр жусан, пияз, подмаренник, сары жоңышқа өседі. Бұл шөптер көктемгі - жазғы – күзгі маусымдарда малдың барлық түрлері үшін азық ретінде шабылады, гектарына 5-8ц/га.Шабындықтың өнімділігі8-10 г/га. Таулы аймақ Ұйғыр ауданы таулы аймағы жінішке белдеулі, қылқан бозды болып келеді. Қылқан бозды жерлер су жайылымды, тау етегінде және ойпаттарда орналасқан. Бұл таңдамалы шабындықтарда малдың барлық түрлері үшін азық дайындалады , өнімділігі 7-8 ц / га . Биык тауылы аймақ оқшаулы қарағайлы, субальпийлы және альпийлы белдеулі болып келеді.Қарағайлы белдеуде астық тұқымдас және әр түрлі шөптердің топтары қарағаймен араласып өседі. Кейбір шөптерді шабындық ретінде пайдаланады. Өнімділігі 13-16 ц/га. Жазда мал жайылымы ретінде пайдаланады. Шөл даладағы мал азығының дайындығын жақсарту үшін житняк,прутняк волосняца және люцерна ұсынылады. Бұл мал азығының өнімділігі гектарына 2-2,5 есеге өседі. Тау етегіндегі аймаққа житняк + люцерна + волоснец; люцерна+волоснец+костер безостыйды араластырып мал азығын дайындау ұсынылады.Тауылы аймаққа себілетін мал азығына экспарцет + ежа сборная + костер безостый + овсянница луговая қосып себу ұсынылады. Бұл тауылы аймақтағы өнімділікті 3-4 есеге арттырады. ГИДРАГРАФИЯ ЖӘНЕ ЖАЙЫЛЫМДАРДЫ СУЛАНДЫРУ. Ұйғыр ауданының гидрографиялық желісі Іле өзені, оның сол жақ Шарын арқылы ағысы , Кетпен жотасының солтүстік жағындағы өзенде мен бұлақтар,бірақ Іле өзеніне дейін жетпейді,жол жөнекей құмдауыт жерлерге сініп кетеді. Жоталардың етегінде 20-25 км қашықтықтағы жер асты суы жер бетіне бұлақ ретінде шығады, шығыны 3 л/сек-тан 50 л/сек-қа дейін. Жер асты суларынан қалын шөп шалғыны және жынғыл тікен ағаштары өседі. Ауданның барлық жерінің жер санаттары бойынша бөлінуі есебі р/с Жер санаттары Барлығы Оның ішінде жайылым суармалы 1 Ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жерлер 199802 166233 22192 2 Елді мекен жерлері 46335 38963 1267 3 Өнеркәсіп, көлік, қорғаныс, байланыс және ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер 10661 102 - 4 Орман қоры жері 268056 55529 - 5 Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар 103928 167 - 6 Су қорының жері 4559 104 7 Босалқы жерлер 242411 179697 Барлығы: 875752 440795 23459 Жайылымдарды басқару мен оларды пайдалану туралы жоспарда: Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың орналасу схемасы; Жайылым айналымдарының қолайлы схемалары; Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы; Жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздеріне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы; Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы; Ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы; Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі; Тиісті әкімшілік – аумақтық бірлікте жайылымдарды ұтымды пайдалану үшін қажетті өзге де талаптармен қамту. Ветеринариялық-санитарлық объектілер туралы мәлімет Р/Н Ауылдық округі Мал дәрігерлік пунктері Мал тоғыту орындары Қашырым пунктері Қорымдар 1 Шарын а/о 1 1 2 Тасқарасу а/о 1 1 3 Бахар а/о 1 1 4 Шонжы а/о 1 2 1 5 Сюмба а/о 1 1 2 1 6 Қырғызсай а/о 1 1 1 1 7 Ү Ақсу а/о 1 1 1 8 Ават а/о 1 1 1 9 Тиірмен а/о 1 1 1 10 Ақтам а/о 1 1 1 1 11 Дардамты а/о 1 1 1 1 12 Кетпен а/о 1 1 1 13 Кіші Диқан а/о 1 1 14 Қалжат а/о 1 1 Барлығы 14 4 14 11 Ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер (бас) № р/н Ауылдық округі Ірі қара мал Жылқы Қой-ешкі Құс 1 Шарын а/о 8680 1752 4994 3200 2 Тасқарасу а/о 5669 641 4250 1624 3 Бахар а/о 2079 145 2850 571 4 Шонжы а/о 5508 1051 11342 1349 5 Сүмбе а/о 5244 2071 22763 2050 6 Қырғызсай а/о 2816 958 6418 1285 7 Үлкен Ақсу а/о 6712 1448 15829 2670 8 Ават а/о 4196 623 4160 2774 9 Тиірмен а/о 5669 511 11348 703 10 Ақтам а/о 4968 995 14670 440 11 Дардамты а/о 6877 1845 16538 1596 12 Кетпен а/о 5427 1627 15588 1690 13 Кіші Диқан а/о 6256 1606 35148 2338 14 Қалжат а/о 4242 1036 4225 2020 Барлығы 72919 16309 170123 24310 Ұйғыр ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарына қосымша Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу оны берілетін жайылымдара ауыстыру схемасы № р/н Елді мекен атауы Оның ішінде халық қажеттілігі үшін (жайылымы және шабындық алқаптары) Жеке қожалық және шаруа қожалықтар бойынша мал басы саны Бір мал басына шаққанда жайылым көлемі, га Норматив бойынша қажет жайылым көлемі, га Қосымша қажет етілетін жайылым, га Қосымша берілетін жайылымдар Оның ішінде Мемлекеттік жер қорынан (га) Маусым дық жайылым (га) Айналмалы жайылым (га) 1 Шарын а/о шаруа құрлымдары бойынша Жайылым 5731 га МІҚ-2761 ҰММ-1508 Жылқы-774 3,0 8283 1,0 1508 3,0 2322 12113 Шарын а/о үй шаруашылықтар бойынша Жайылым 3949 га МІҚ-5987 ҰММ -3574 Жылқы- 986 3,0 17961 1,0 3574 3,0 2958 24493 Шарын а/о бойынша Барлығы: Жайылым 9680 га МІҚ-8748 3,0 26244 26926 8000 18926 ҰММ -5082 1,0 5082 Жылқы- 1760 3,0 5280 36606 Тасқарасу а/о шаруа құрлымдары бойынша Жайылым 3894,8 га МІҚ -1668 ҰММ - 135 Жылқы – 480 3,0 3162 1,0 90 3,0 294 3546 Тасқарасу а/о үй шаруашылықтар бойынша Жайлым 1302 МІҚ-1770 ҰММ -997 Жылқы-208 3,0 5310 1,0 997 3,0 624 6931 Тасқарасу а\о бойынша Барлығы: Жайылым 5196,8 га МІҚ-2622 ҰММ -3253 Жылқы - 462 3,0 7866 7308,2 4308,2 3000 1,0 3253 3,0 1386 12505 3 Бахар а/о шаруа құрлымдары бойынша Жайылым 6285 га МІҚ-309 ҰММ -147 Жылқы-39 3,0 927 1,0 147 3,0 117 1191 Бахар а/о үй шаруашылықтар бойынша Жайылым 5268 га МІҚ-1770 ҰММ -2703 Жылқы-106 3,0 5310 1,0 2703 3,0 318 8331 Бахар а\о бойынша Барлығы: Жайылым 14048 га МІҚ-2079 ҰММ -2850 Жылқы 145 3,0 6237 4526 га жайылым артық 1,0 2850 3,0 435 9522 4 Шонжы а/о шаруа құрлымдары бойынша Жайылым 28136 МІҚ-2217 ҰММ - 4891 Жылқы- 580 3,0 6651 1,0 4891 3,0 1740 Шонжы а/о үй шаруашылықтар бойынша Жайылым 6005а МІҚ-3291 ҰММ - 6436 Жылқы- 471 3,0 9873 1,0 6436 3,0 1413 Шонжы а\о бойынша Барлығы: Жайылым 34141 га МІҚ-5508 ҰММ -11327 Жылқы-1051 3,0 16524 3137 га жайылым артық 1,0 11327 3,0 3153 31004 5 Сүмбе а/о шаруа қожалық бойынша Жайылым 13038 га МІҚ-1017 ҰММ -12473 Жылқы-6773 3,0 3051 1,0 12473 3,0 20319 Сүмбе а/о үй шаруашылықтар бойынша Жайлым 22513 га МІҚ - 4227 ҰММ – 10290 Жылқы – 1394 3,0 8664 1,0 10290 3,0 3960 Сүмбе а\о бойынша Барлығы: Жайылым 35551 га МІҚ-5244 ҰММ-22763 Жылқы-2071 3,0 15732 9157 5000 4157 1,0 22763 3,0 6213 44708 6 Қырғызсай а/о шаруа қожалық бойынша Жайылым 5829 га МІҚ-400 ҰММ-1349 Жылқы-293 3,0 1200 1,0 1349 3,0 879 Қырғызсай а/о үй шаруашылықтар бойынша Жайлым 13172 га МІҚ-2472 ҰММ -5124 Жылқы-666 3,0 7416 1,0 5124 3,0 1998 Қырғызай а\о бойынша Барлығы: Жайылым 19001 га МІҚ-2695 ҰММ - 6473 Жылқы-959 3,0 8085 1566 га артық 1,0 6473 3,0 2877 17435 7 Үлкен Ақсу а/о шаруа қожалық бойынша Жайылым 13578.5 га МІҚ-2093 ҰММ -5288 Жылқы- 492 3,0 6279 1,0 5288 3,0 1476 Үлкен Ақс а\о үй шаруашылықтар бойынша Жайылым 17799 га МІҚ-4619 ҰММ -10541 Жылқы- 956 3,0 13857 1,0 10541 3,0 2868 Үлкен Ақсу а\о бойынша барлығы: Жайылым 31377,5 га МІҚ-6712 ҰММ –15829 Жылқы- 1448 3,0 20136 8931,5 5000 3931,5 1,0 15829 3,0 4344 40309 8 Ават а/о жеке қожалық бойынша Жайылым 5931 га МІҚ-1147 ҰММ -671 Жылқы- 204 3,0 3441 1,0 671 3,0 612 Ават а\о үй шаруашылықтар бойынша Барлығы Жайылым 13026 га МІҚ-3049 ҰММ-3493 Жылқы- 419 3,0 9147 1,0 3493 3,0 1257 Ават а\о бойынша Барлығы: Жайылым 18957 га МІҚ-4196 ҰММ -4164 Жылқы-623 3,0 12588 333 га артық 1,0 4164 3,0 1869 18624 9 Тиірмен а/о шаруа қожалық бойынша Жайылым 10778,7 га МІҚ-1928 ҰММ -3965 Жылқы-153 3,0 5784 1,0 3965 3,0 459 Тиірмен а\о үй шаруашылықтар бойынша Барлығы Жайылым 20540 га МІҚ-3595 ҰММ -7991 Жылқы-337 3,0 10785 1,0 7991 3,0 11011 Тиірмен а\о бойынша Барлығы Жайылым 31318,7 га МІҚ-5523 ҰММ-11348 Жылқы-490 3,0 16569 1931,7 артық 1,0 11348 3,0 1470 29387 10 Ақтам а/о жеке қожалық бойынша Жайылым 11439 га МІҚ-1973 ҰММ -7493 Жылқы-274 3,0 5919 1,0 7493 3,0 822 Ақтам а\о үй шаруашылықтар бойынша Барлығы Жайылым 24496 га МІҚ-2995 ҰММ -7177 Жылқы-721 3,0 8985 1,0 7177 3,0 2163 Ақтам а\о бойынша Барлығы Жайылым 35935 га МІҚ-4968 ҰММ-14670 Жылқы-995 3,0 14904 3376 артық 1,0 14670 3,0 2985 32559 11 Дардамты а/о шаруа қожалық бойынша Жайылым 21976 га. МІҚ-2553 ҰММ -7516 Жылқы-717 3,0 7659 1,0 7516 3,0 2151 Дардамты а\о үй шаруашылықтар бойынша Барлығы Жайылым 28692 га МІҚ-4324 ҰММ-9022 Жылқы- 1128 3,0 12972 1,0 9022 3,0 3384 Дардамты а\о бойынша Барлығы Жайылым 50668 га МІҚ-6877 ҰММ -16538 Жылқы-1845 3,0 20631 7964 га жайылым артық 1,0 16538 3,0 5535 42704 12 Кетпен а/о жеке қожалық бойынша Жайылым 14683 га МІҚ-2121 ҰММ -4423 Жылқы-781 3,0 6363 1,0 4423 3,0 2343 Кетпен а\о үй шаруашылықтар бойынша Барлығы Жайылым 24878 га МІҚ-3306 ҰММ -11165 Жылқы-846 3,0 9918 1,0 11165 3,0 2538 Кетпен а\о бойынша Барлығы Жайылым 39561 га МІҚ-5427 ҰММ-15588 Жылқы-1627 3,0 16281 2811 га жайылым артық 1,0 15588 3,0 4881 36750 13 Кіші Дихан а/о шаруа қожалық бойынша Жайылым 13717 га. МІҚ-1712 ҰММ -15916 Жылқы- 461 3,0 5136 1,0 15916 3,0 1383 Кіші Дихан а\о үй шаруашылықтар бойынша Барлығы Жайылым 17257га МІҚ-4544 ҰММ - 19232 Жылқы- 1145 3,0 10182 1,0 19232 3,0 3435 Кіші Дихан а\о бойынша Барлығы Жайылым 30974 га МІҚ-6256 ҰММ -35148 Жылқы-1606 3,0 18768 27760 20000 7760 1,0 35148 3,0 4818 58734 14 Қалжат а/о жеке қожалық бойынша Жайылым 13951 га МІҚ-1399 ҰММ -1024 Жылқы- 322 3,0 4197 1,0 1024 3,0 966 Қалжат а\о үй шаруашылықтар бойынша Барлығы Жайылым 17943 га МІҚ-2843 ҰММ -3201 Жылқы- 714 3,0 8529 1,0 3201 3,0 2142 Қалжат а\о бойынша Барлығы Жайылым 31894 га МІҚ-4242 ҰММ -4225 Жылқы-1036 3,0 12726 11835 га артық 1,0 4225 3,0 3108 20059 Аудан бойынша барлығы ауылшаруашылығы құрылымдары Үй шаруашылығы бойынша барлығы Босалқы жер Орман шаруашылығы Жайылым 166233 га Жайылым 38963 га. 179697 га 55529 га МІҚ-72919 ҰММ - 170123 Жылқы- 16309 3,0 218757 1,0 170123 3,0 48927 Аудан бойынша барлығы: Жайлым 440422га 437807 2615 га жайылым артық Аббревиатураның толық жазылуы: Р/с – реттік сан; Га – гектар; МІҚ – мүйізді ірі қара; А/о – ауылдық округ. Ұйғыр ауданы бойынша 2025-2030 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарына 7 қосымша 3. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі. Сонымен қатар жайылымның кезеңінің ұзақтығы; Топырақтық-климаттық аймаққа, ауыл шаруашылығы жануарлар түріне, сондай-ақ жайылым өнімділігіне байланысты жайылымның ұзақтық кезеңі: Бетегелі-жусанды – 180-200 күн, Қоңыр жусанды-битұрғанды-көкпектілер мен астық тұқымды астылар – 150-210 күн. Бұл ретте сүтті ірі қара малды жаю ұзақтығы – 180 күн, ал етті ірі қара мал үшін, қой, жылқы үшін – максималды және қар жамылғысының тереңдігіне, қардың тығыздығына және басқа да факторларға байланысты. Қ/с Ауылдық округі Шалғай жайылымға малдардың айдап шығарылу мерзімі Шалғай жайылымнан малдардың қайтарылу мерзімі Ескерту 1 Шарын а/о Сәуірдің 2 жартысы Қарашаның 1 он күндігі 2 Тасқарасу а/о Сәуірдің 2 жартысы Қарашаның 1 он күндігі 3 Бахар а/о Мамырдің І жартысы Қыркүйектің 2 он күндігі 4 Шонжы а/о Мамырдың І жартысы Қыркүйектің 2 он күндігі 5 Сюмба а/о Мамырдың І жартысы Қыркүйектің 2 он күндігі 6 Қырғызсай а/о Мамырдың І жартысы Қарашаның 1 он күндігі 7 Ү Ақсу а/о Мамырдың 2 жартысы Қарашаның 1 он күндігі 8 Ават а/о Мамырдың 2 жартысы Қарашаның 1 он күндігі 9 Тиірмен а/о Мамырдың 2 жартысы Қарашаның 1 он күндігі 10 Ақтам а/о Мамырдың 2 жартысы Қарашаның 1 он күндігі 11 Дардамты а/о Мамырдың 2 жартысы Қарашаның 1 он күндігі 12 Кетпен а/о Мамырдың 2 жартысы Қарашаның 1 он күндігі 13 Кіші Диқан а/о Мамырдың 2 жартысы Қарашаның 1 он күндігі 14 Қалжат а/о Мамырдың 2жартысы Қыркүйектің 2 он күндігі Ұйғыр ауданында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі Шараның атауы Желтоқсан , Қаңтар, Ақпан, Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан, Наурыз, Сәуір Мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан Қазан, қараша Елді мекен маңындағы жайылымдарды пайдалану (қыстау) Шалғайдағы жайылым жерлерді пайдалану (қыстау) Елді мекен маңындағы жайылымдарды пайдалану (көктем) Шалғайдағы жайылым жерлерді пайдалану (жаздық, күздік) Елді мекен маңындағы жайылымдарды пайдалану (күздік) Ұйғыр ауданы бойынша 2025-2030 жылдары жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар Мақсаты: Жайылымдарды тиімді пайдалану және мал шаруашылығының өнімділігін көтеру Қойылып отырған мақсатқа жету және оны шешу үшін мына іс-шараларды іске асыру қажет. Іс – шаралар атауы Кезеңдер Қорытынды Орындалатын деңгейі Қысқа мерзімді (1 жылға дейін) Ұзақ мерзімді (2 жылға дейін) Мәліметтер жинау, сараптау және мониторинг 1.1 Жайылымдарға ғылыми кешенді зерттеулер жүргізу (геоботаникалық, топырақ құнарлылығы, мелиоративті жай – күйі, малға берілетін жүктеме) + Жайылымдарды тиімді ұзақ мерзімді пайдалануға қызмет етуге негіз болады РБ, ЖерҒӨО есебінен Ұйғыр ауданының елді –мекендеріндегі жайылымдық жерлер көлемі – 38963 га + Геоботаникалық зерттеу құны 3,3 млн. тг гектарына 80-90 теңге есебімен РБ, ЖерҒӨО есебінен Ұйғыр ауданының жер қорындағы жайылымдық жерлер көлемі – 179697 га + Геоботаникалық зерттеу құны 18,7 млн.тг гектарына 80-90 теңге есебімен РБ, ЖерҒӨО есебінен 1.1.3 Ұйғыр ауданының орман жерлерді пайдаланудағы жайылымдық жерлер көлемі - 55529 га + Геоботаникалық зерттеу құны 9,3 мын.тг гектарына 80-90 теңге есебімен РБ, ЖерҒӨО есебінен 1.1.4 Ұйғыр ауданының жерлерді пайдаланудағы жайылымдық жерлер көлемі - 166233 га + Геоботаникалық зерттеу құны 12,6 млн.тг гектарына 80-90 теңге есебімен АШТӨ және ЖБ есебінен 1.2 Жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жерге құқық бергілейтін құжаттардың негізінде әкімшілік – аумақтық бірліктер бөлінісінде орналасқан жайылым картасын құру + Жайылымдарды басқару тірек картасы РБ, ЖерҒӨО 1.3 Елді – мекендер шегінде жайылымның жалпы алаңы жүктемесінің рұқсат етілген шекті нормаларын сақтау + Жайылымдарды тиімді пайдалану ЖАО (ауылдық округ әкімінің аппараты) 1.4 Ауылдық округтерде ауыл шаруашылығы жануарларының жайылу жоспары бойынша мәлімет беру + Жер пайдаланушылардың жайылымдарды тиімді пайдалануын қамтамасыз ету Ауылдық округ әкімінің аппараттары 1.5 Ветеринариялық – санитарлық объектілер + Ветеринариялық – санитарлық объектілердің қамтамасыз етілуі Ветеринариялық бөлім, ауылдық округ әкімінің аппараты 1.6 Жайылымдарда мал жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының басын қалыптастыру туралы мәлімет беру + Ауыл шаруашылығы малдарының есебі Ауыл шаруашылығы бөлімі, Жер қатынастары бөлімі, Ветеринариялық бөлім, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері Ақпараттық және білім беру әлеуетін нығайту 2.1 .Жайылым пайдаланушылар арасында жайылымдарды тиімді пайдалану бойынша іс – шараларды өткізу туралы түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру + Жер пайдаланушылардың жайылымдарды тиімді пайдалануын қамтамасыз ету Жергілікті атқарушы орган, Жер қатынастары бөлімі 2.2. Жайылымдарды қолдану мәселелері бойынша семинар – кеңес, жарияланымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жергілікті халықты хабардар ету, интернет ресурстарында орналастыру + Халықтың хабардар болу деңгейін арттыру Жергілікті атқарушы орган, жер қатынастары бөлімі, ауыл шаруашылығы бөлімі 2.3. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын іске асыру туралы, ауданның жыл сайынғы есептерінің қорытындыларын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау + Жоспардың іске асырылуын қамтамасыз ету Жергілікті атқарушы орган Жайылымдардың инфрақұрылымын дамыту және технологиялық қамтамасыздандыруды жетілдіру 3.1 Жайылымдарды түгендеуден өткізу + Жайылым алаңдарының оның ішінде табиғи шабындықтарды нақты есепке алу Жергілікті атқарушы орган, жер қатынастары бөлімі, ауыл шаруашылығы бөлімі 3.2. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылуы туралы жыл сайынғы есеп + Жоспарды іске асыру туралы есеп Жергілікті атқарушы орган, жер қатынастары бөлімі, ауыл шаруашылығы бөлімі 3.3 Соғылған және тозған жайылымдар туралы облыстық жергілікті атқарушы органына хабарлау + Жайылымдардың сапалық сипаттамаларын жақсарту мақсатында әрі – қарай іс – әрекет жасау Жергілікті атқарушы орган Қазіргі уақытта ауданымызда барлық санаттағы шаруашылықтар иелігінде 72919 бас мүйізді ірі қара, 170123 бас ұсақ мал, 16309 бас жылқы, 31 түйе бар. Осындай бас ауыл шаруашылығы жануарларын қамтамасыз етуіміз үшін аудан бойынша барлығы 454979 гектар жайылымдық алқаптар есепте бар, соның ішінде ауылшаруашылық құрлымдарында 166233 га, елді-мекен шегіндегі мал жайылымдары 38963 гектар, босалқы жер құрамындағы жайылымдық жер 179697 га, орман шаруашылығында 55529 гектарды құрайды Сонымен бірге, ауданда ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық – санитарлық объектілермен қамтамасыз ету мақсатында мал тоғыту орындарын Шарын,Тасқарасу,Бахар,Шонжы,Үлкен Ақсу, Ават, Тиірмен, Кетпен, Кіші Дихан, Калжат ауылдық округтерінде сондай-ақ Шарын, Тасқарасу, Бахар ауылдық округтерінде мал көмінділерін орны құрылыстарын салу қажет.Дата публикации
11 марта 2025