жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған шешімдер

Шонжы ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастықтың кезекті жиналысының ХАТТАМАСЫ

 

09.02.2024 жыл                                   № 6                                        Шонжы ауылы

Қатысқандар:

Қоғамдық қауымдастық мүшелері, ақсақалдар кеңесінің төрағасы С.Касымов, Шонжы ауылдық округі әкімі қызметкерлері, аудандық мекеме басшылары (барлығы 28 адам)

 

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

Шонжы ауылдық округі бойынша 2024 жылға арналған қаржылық  жоспарды  бекіту

Жиналыстың  күн тәртібіндегі мәселелер бойынша А. Аширов – Шонжы ауылдық округінің әкімі тыңдалды.

Сіздерді жинап отырған себебім, биылғы жылда Шонжы ауылдық округі бойынша атқарылатын қаржылық жұмыстарға барлықтарыңыз толығымен қатысуларыңыз керек. Және де күн тәртібіндегі  бірінші  мәселе бойынша сіздердің де  пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды ортаға салып, талқылау керекпіз. Аталған жылға Шонжы ауылдық округі әкімі аппаратының бюджеті 270 млн тг қарастырылды. Олар :

  1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер - 87 379,0 тг
  2. Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру - 52 842,0 тг
  3. Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету - 6 317,0 тг
  4. Жерлеу орындарын ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеу - 2 695,0
  5. Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру - 121 247,0 тг

Наурыз айына дейін бюджетті игеру жұмыстарына қызметтер жасайтын боламыз. Жоғарыда аталған бағдарламалар бойынша жиын қатысушыларына барлық тізбектер бойынша тоқталып түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Тыңдалды. Н. Дауренбеков – жергілікті қоғамдастық төрағасы

Мен барлық атқарылатын қызметтерді толық қолдаймын. Айтарым, осы жылы қарастырылған бюджет қаражатын барынша тиімді пайдалану қажеттігі айтты. Ауылдың үлкендігін ескере келе бюджет бөлінісінде тек қана нәтижелі істерді көрсету қажеттігін айтты. Атап айтқанда ең басты ол жол, түнгі жарық, тазалық, қоқыстарды жою сияқты басты жұмыстар назардан тыс қалмауын сурады.

Сұрақ. Розахунов Батур – жергілікті қоғамдастық мүшесі

Менің ұсынысым, Шонжы ауылының кіреберістеріндегі үлкен жолдарды барынша түнгі жарықпен қамтамасыз ету қарастырылып жатқан қаражаттан алына ма?

Жауап. А. Аширов– ауылдық округ әкімі

Бұл бағытта жылдың басындағы бекітілген бюджетте түнгі жарық орнатуға қаражат қарастырылмағанын айтты. Алайда Шонжы ауылының ең басты 2 кіре беріс жолға бүгінгі күнде түнгі жарықпен қамту бойынша 74 млн тг мен 23 млн теңге қаражатты қажет ететін сметалық құжаттамаларының дайындығын айтып, қаражатты наурыз айында сұрау бойынша жұмыстармен айналысатындығын айтты.

         Жиында толыққанды мәселелерге тоқталып бір ауыздан қоғамдастық мүшелерінің келісімі жасалынып алдағы уақытта әлі талай жиындарды жұмыс барысында атқару келісілді.

Жиналыс қаулысы: Жиналысқа қатысушылар пікірлерін ортаға салып, ауыл әкімі ұсынған қаржылық жоспарды  бір ауыздан қоладады.

         

Қоғамдық мүшелерінің тізімі:

  1. Дауренбеков Нугайбек – Жергілікті қауымдастық төрағасы
  2. Манасбаев Азат – зейнеткер
  3. Илахунов Абдуманап – «Ұйғыр су құбыры» мекемесінің басшысы
  4. Касымов Сайдахмет – Ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы
  5. Рахмаев Тиляпжан – «Аманат» партиясы аудандық филиалының ревизиялық комиссия төрағасы
  6. Болатұлы Нұрсұлтан – аудандық мәслихат депутаты
  7. Розахунов Батур – Блогер
  8. Желилова Зиляхам – аналар кеңесінің мүшесі
  9. Арипов Нурахмет – жігіт ағасы
  10. Нурсеитов Ербол – Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы
  11. Абрамов Николай – ақсақал
  12. Османов Арлен – Ұйғыр этно мәдени орталығының төрағасы
  13. Тохтыбакиев Абдуразақ – жігіт ағасы, хатшы.
  14. Жалилов Усен – жігіт ағасы
  15. Асаубаев Ыбрай – ақсақал
  16. Мұңайтбасов Турар – медиатор
  17. Абиров Талипқан – ақсақал
  18. Омарова Селимям - «Жартылай қыдық ай» қоғамының төрайымы
  19. Баратов Гайнидин – Құрылыс маманы, зейнеткер
  20. Ашимов Эверест – Орталық аурухана дәрігері
  21. Абрамов Алексей - №1 орта мектебінің директоры
  22. Амангельды Муслим – кәсіпкерлік палатасының директоры
  23. Идрисов Шоқан – ауыл тұрғыны
  24. Дуганова Ниязбуви - «Ақиқа» қоғамдық бірлестінің төрайымы
  25. Өзбеков Бексултан – ауыл тұрғыны, жігіт ағасы
  26. Рахмидинов Мунаждин – жігіт ағасы
  27. Ашимов Алимжан – жеке кәсіпкер, ауыл тұрғыны
  28. Худайбергенов Мамутхан – зейнеткер
  29. Исмаилов Дамир – аудандық ТҮКШ,АЖ,ЖК және ТҮИ бөлімінің басшысы
  30. Джаппаров Полатжан – аудандық Қазақтелеком филалының директоры

                            Төраға                                                      Н. Дауренбеков

                           Хатшы                                                     А. Тохтыбакиев

 

 

Дата публикации
06 марта 2024