
Әкімдіктің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің миссиясы – ауылда кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты сапалы әрі уақтылы жүзеге асыру.
Негізгі міндеттер:
1) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
2) шағын кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымын дамыту;
3) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы субъектілерін ақпараттық, құқықтық және әдістемелік қамтамасыз ету;
4) АӨК-нің тиімді дамуын қалыптастыра отырып, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қамтамасыз ету;
5) ауылдық агроөнеркәсіптік сектордың ұтымды және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
6) ауыл экономикасына инвестиция тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
7) агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту.