GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Әкім аппараты
Қызметі
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Байланыс ақпарат
Все материалы
19 октября 2026
19 қазан – Құтқарушылар күні құтты болсын! 🚒🇰🇿
 

Ел тыныштығы мен халық қауіпсіздігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген барша құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын!

Батылдық пен ерлікті, табандылық пен жауапкершілікті талап ететін абыройлы қызметтеріңізге толағай табыс тілеймін! Әрбір аттанған сапарларыңыз сәтті болып, әрбір жасаған көмектеріңіз жақсылықпен аяқталсын. Қауіпті сәттерде көрсеткен ерліктеріңіз бен еңбектеріңіз әрдайым бағалана берсін!

Отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге береке тілеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Әрдайым абырой биігінен көрініп, ел алғысына бөлене беріңіздер!

Мерекелеріңіз құтты болсын! Ерлік пен еңбектеріңізге мың алғыс! 💐👏

15 октября 2026
"Ауылым Шарын бойында"
2026 жылдың 14 қазан күні Алматы облысы әкімінің қолдауымен ұйымдастырылған «Ауылым – алтын бесігім» аудан, қала мәдениет күндерінің аудандық 
кезеңі аясында «Ауылым – Шарын бойында» атты байқау Шарын ауылдық мәдениет үйінде жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Аталған мәдени шараның басты мақсаты – ауыл мәдениетін дәріптеу, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау, салт-дәстүрімізді жаңғырту, өнер мен мәдениетті дамыту,
сондай-ақ ауыл тұрғындарының шығармашылық қабілеттерін таныту және жас ұрпақтың бойына туған жерге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Байқау барысында қатысушылар өз өнерлерін ортаға салып, ән мен жырды, ұлттық дәстүр мен рухани мұраны ұштастыра отырып, көрермендерге көтеріңкі
көңіл күй сыйлады. Әрбір өнер көрсетілімінен туған жерге деген құрмет, ауылға деген ыстық ықылас пен ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік айқын аңғарылды.
«Ауылым – Шарын бойында» атты байқау – Шарын өңірінің мәдени әлеуетін танытып қана қоймай, ауылдың бірлігі мен ынтымағын нығайтып,
өнерпаздардың шығармашылығына жол ашатын маңызды мәдени іс-шара.
Туған жердің тарихын танытып, ұлттық өнерді ұлықтаған тағылымды шара ауыл мәдениетінің өркендеуіне, рухани құндылықтардың насихатталуына
және өнерге деген құрметтің артуына өз үлесін қосты.
01 октября 2026
1 қазан Халықаралық қарттар күнімен құттықтау

Құрметті ауылымыздың ардақты ақсақалдары мен аяулы әжелері!
Сіздерді 1 қазан – Қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздер – ауылымыздың берекесі мен бірлігінің ұйытқысы, кейінгі ұрпаққа өнеге болып келе жатқан асыл жандарсыздар. Өмірден көргендеріңіз бен жинаған мол тәжірибелеріңіз – біз үшін баға жетпес қазына.
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен береке тілеймін. Әрдайым ұрпақтарыңыздың қызығын көріп, немере-шөберелеріңіздің қуанышына бөленіп жүре беріңіздер!
Ауылымыздың өсіп-өркендеуіне қосқан еңбектеріңіз үшін алғысымыз шексіз. Әр шаңырақта шаттық пен жылулық, жүректеріңізде қуаныш болсын!
Ізгі ниетпен,
ауыл әкімі Б. Алғазиев

01 октября 2026
Социалистік Еңбек Ері Р.Сеитованы құттықтау

ҚАРТТАРЫМЫЗҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай ауыл әкімі Б. Алғазиев аудандық әлеуметтік бөлім басшыларымен бірге ауылымыздың тұрғыны, Социалистік Еңбек Ері, елге еңбегі сіңген ардақты жан Рахилям Сеитованы арнайы барып құттықтады.
Ақ жаулықты анамызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық пен бақ-береке тілеп, мерекелік сый-сияпат табыстады.
Рахилям Сеитова – маңдай терімен елге қызмет етіп, кейінгі ұрпаққа өнегелі жол қалдырған ардақты тұлға. Оның өмір жолы мен қажырлы еңбегі – жастарға үлгі, ауылымыз үшін мақтаныш.
Қарияларымызды ардақтап, олардың ақ батасы мен өнегесін кейінгі ұрпаққа жеткізу – баршамыздың парызымыз.
Құрметті қариялар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге қуаныш, шаңырақтарыңызға шаттық тілейміз!

Тұрғындармен кездесу
21 сентября 2026
«Таза Казахстан» бағдарламасының орындалу барысы

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді
2026 жылдың 8 қыркүйек күні Шарын ауылдық округі әкім аппаратының мәжіліс залында ауылдық мекеме басшыларымен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесудің негізгі мақсаты – «Таза Қазақстан» бағдарламасының маңыздылығын түсіндіру, қоршаған ортаның тазалығын сақтау, ауыл аумағын абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу бағыттарын талқылау.
Жиын барысында ауылдық округ аумағында тазалық жұмыстарын тұрақты ұйымдастыру, көшелер мен қоғамдық орындардың тазалығын сақтау, қоқыстарды белгіленбеген орындарға тастамау, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына мекеме қызметкерлері мен тұрғындарды белсенді қатыстыру мәселелері сөз болды.
Сонымен қатар, әрбір мекеме басшысына өз аумақтарында тазалық жұмыстарын ұйымдастыру және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасына белсенді атсалысу қажеттігі түсіндірілді.
Кездесу соңында ауылдық округтің тазалығы мен көркейуі – баршаға ортақ міндет екені айтылып, мекеме басшыларына тиісті тапсырмалар берілді. Тазалықты сақтау арқылы туған жерге деген жауапкершілік пен сүйіспеншілікті арттырудың маңыздылығы атап өтілді.

27 августа 2026
Жөндеу жұмыстары

Шарын ауылдық округінің орталық көшесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Шарын ауылдық округінің орталық көшесі — елді мекен тұрғындары үшін маңызды көлік қатынасы жолдарының бірі. Аталған көшеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу басталды.

Алматы облысына қарасты облыстық маңызы бар Рашит Манапов көшесінің жалпы ұзындығы 6 шақырымды құрайды. Жөндеу жұмыстары барысында жолдың тозған бөліктерін қалпына келтіру, жол жамылғысын жаңарту және көлік қозғалысына қолайлы жағдай жасау көзделіп отыр.

Жолдың сапасын жақсарту ауыл тұрғындарының күнделікті қатынауын жеңілдетіп қана қоймай, жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілерінің қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, аталған көшенің жаңаруы ауылдың инфрақұрылымын дамытуға және елді мекеннің көркейіп, абаттандырылуына оң әсерін тигізеді.

Қазіргі таңда тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілуде. Күрделі жөндеу жұмыстарының сапалы әрі белгіленген талаптарға сәйкес орындалуы бақылауда болады.

Ауыл тұрғындары үшін маңызы зор бұл жоба Шарын ауылдық округіндегі жол инфрақұрылымын жақсартуға және тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Сайлау
25 августа 2026
ҚҰРЫЛТАЙ 2026
 

2026 жылғы 23 тамыз күні Шарын ауылдық округіне қарасты №918 және №919 сайлау учаскелерінде «Құрылтай 2026» сайлауы жоғары деңгейде өтті. Ауыл тұрғындары сайлау учаскелеріне белсенді түрде келіп, өздерінің азаматтық таңдауын жасап, дауыс беруге толықтай атсалысты.

Сайлау барысында тұрғындарға өз таңдауларын еркін білдіруге барлық жағдай жасалды. Ауыл халқының белсенділігі мен жауапкершілігі олардың ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетті.

«Құрылтай 2026» сайлауы – ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси үдерістердің бірі. Шарын ауылдық округінің тұрғындары да өз таңдауларын жасап, ауылдың және жалпы қоғамның дамуына өз үлестерін қосты.

Сайлау учаскелерінде қоғамдық тәртіп пен сайлау талаптары сақталып, дауыс беру үдерісі белгіленген тәртіппен ұйымдастырылды. Белсенділік танытып, азаматтық ұстанымдарын білдірген барша ауыл тұрғындарына алғыс білдіреміз.

статистикалық ақпарат
03 августа 2026
бюджеттің орындалу барысы
  1. Бюджет қаражатының орындалуы

2026 жылға Шарын ауылдық округінің жергілікті бюджеті 132 млн 604 мың теңге көлемінде бекітілді. 2026 жылдың 2 тоқсанының қорытындысы бойынша бюджет қаражатының 72 пайызы игерілді.

Бөлінген қаражат негізінен ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар жұмыстарды жүзеге асыруға жұмсалуда. Атап айтқанда, ауыл ішіндегі көшелерді түнгі жарықтандыру жүргізуге 2 млн 647 мың теңге қарастырылды.

Осы жұмыстарды іске асыру мақсатында мемлекеттік сатып алу порталы арқылы тиісті конкурстық рәсімдер жүргізіліп, мердігер мекемелермен келісімшарттар жасалды. Қазіргі уақытта жоспарға сәйкес жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілуде.

Алдағы уақытта бөлінген бюджет қаражатын тиімді игеру және жоспарланған жұмыстарды сапалы орындау бағытында тиісті жұмыстар жалғасатын болады.

 

Дін
24 июня 2026
«Терроризм – адамзатқа қарсы қылмыс»

2026 жылғы маусым айында Шарын ауылында Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу бағыты бойынша «Терроризм – адамзатқа қарсы қылмыс» атты кездесу өткізілді. Іс-шараның ұйымдастырушысы – Шарын ауылдық округі әкімі аппараты жанындағы жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы Зухра Генякова. Кездесудің мақсаты – жастар арасында терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу, олардың зияны мен қауіпті салдарын түсіндіру, қоғамдық қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау, жастардың құқықтық және діни сауаттылығын арттыру.

22 июня 2026
Полиция қызметкерлер күнімен құттықтау

 

Құрметті полиция қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Полиция қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қоғам тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы адал еңбектеріңіз, жауапкершіліктеріңіз бен ерліктеріңіз үшін зор алғыс білдіремін.

Ел игілігі жолындағы қызметтеріңіз әрдайым абыройлы болып, халықтың сенімі мен құрметіне бөлене беріңіздер. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, қызметтеріңізге сәттілік тілеймін. Ел тыныштығы мен қауіпсіздігі жолындағы қажырлы еңбектеріңіз жемісті болсын!

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Құрметпен, Шарын ауылдық округінің әкімі Б.Алғазиев



Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы