Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысы.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысы.
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
"Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының
Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және
ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптар (бұдан әрі –
бірыңғай талаптар) бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір
шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі.
Бірыңғай талаптардың 140-тармағы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 832 қаулысымен
бекітілген
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз
ету саласындағы бірыңғай талаптар
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "локальдық желі", "локальдық желінің", "оқшау желі
", "оқшау желісінің" деген сөздер тиісінше "жергілікті желі", "жергілікті желінің", "
жергілікті желісінің" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 18.01.2021 № 12 (
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) қаулысымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптар (бұдан әрі – БТ) "Ақпараттандыру
туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 3)
тармақшасына сәйкес әзірленді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы талаптарды айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.06.2022 № 383 (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
қаулысымен.
2. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласына қатысты БТ ережелерін
мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар,
квазимемлекеттік сектор субъектілері, мемлекеттік органдардың ақпараттық
жүйелерімен интеграцияланатын немесе мемлекеттік электрондық ақпараттық
ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің иелері
және иеленушілері, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның өте
маңызды объектілерінің иелері мен иеленушілері міндетті түрде қолдануы тиіс.
3. БТ ережелері:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен оның құрылымына кіретін
ұйымдар интернет-ресурстарды, "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық
инфрақұрылымы объектілерімен интеграцияланбайтын ақпараттық жүйелерді,
жергілікті желілерді және телекоммуникациялар желілерін құру немесе дамыту,
пайдалану бойынша жұмыстарды жүзеге асырған кезде, сондай-ақ ақпараттандыру
саласындағы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды
жүргізген кезде туындайтын қатынастарға;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес
мемлекеттік құпияларға жатқызылған қорғалып орындалған ақпараттық жүйелерге,
сондай-ақ арнайы мақсаттағы телекоммуникациялар және/немесе президенттік,
үкіметтік, құпияландырылған, шифрланған және кодталған байланыс желілеріне;
3) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі
уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "электрондық үкімет"
ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерімен интеграцияланбайтын
ақпараттық жүйелерімен интеграцияланатын ақпараттық жүйелерді құру немесе
дамыту жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырған кезде туындайтын қатынастарға;
4) осындай ережелерді орындау "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк
қызметі туралы" ҚР Заңының 50-бабының 4-тармағын бұзуға әкеп соғатын
жағдайларда ұйымдарда қолданылмайды.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.01.2021 № 12 (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
қаулысымен.
4. БТ мақсаты мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары,
мемлекеттік заңды тұлғалар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, мемлекеттік
органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланатын немесе мемлекеттік
электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес
ақпараттық жүйелердің иелері және иеленушілері, сондай-ақ
ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның өте маңызды объектілерінің иелері
мен иеленушілері ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында міндетті түрде орындауға тиіс талаптарды
белгілеу болып табылады.
5. БТ міндеттері:
1) мемлекеттік басқарудың ағымдағы және стратегиялық міндеттерін шешу үшін
мемлекеттік органдарды ақпараттандыруды ұйымдастыру және басқару қағидаттарын
айқындау;
2) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін
қамтамасыз ету мен басқарудың бірыңғай қағидаттарын айқындау;
3) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің компоненттерін
біріздендіру жөніндегі талаптарды белгілеу;
4) серверлік үй-жайлардың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын
құрылымдау мен ұйымдастыру жөніндегі талаптарды белгілеу;
5) ақпараттандыру объектілерінің барлық өміршеңдік кезеңдерінде
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздік саласындағы
стандарттар ұсынымдарының міндетті қолданылуын белгілеу;
6) мемлекеттік және мемлекеттік емес электрондық ақпараттық ресурстардың,
бағдарламалық қамтылымның, ақпараттық жүйелердің және оларды қолдайтын
ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қорғалу деңгейін арттыру болып
табылады.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Үкіметінің 31.12.2019 № 1047 (
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі); 18.01.2021 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
6. Осы БТ мақсаттары үшін оларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) ақпаратты өңдеу құралдарымен байланысты активті таңбалау – активті кейіннен
сәйкестендіру (тану), оның қасиеттері мен сипаттамаларын көрсету мақсатында оған
шартты белгілерді, әріптерді, сандарды, графикалық белгілерді немесе жазуларды
түсіру;
2) ақпаратты криптографиялық қорғау құралы (бұдан әрі – АКҚҚ) –
криптографиялық түрлендіру алгоритмдерін, шифрлау кілттерін генерациялауды,
қалыптастыруды, бөлуді немесе басқаруды іске асыратын бағдарламалық қамтылым
немесе аппараттық-бағдарламалық кешен;
3) ақпаратты өңдеу құралдарымен байланысты активтер (бұдан әрі – актив) –
ақпарат болып табылатын немесе ақпаратты қамтитын немесе ақпаратты өңдеу, сақтау,
беру үшін қызмет ететін және ұйымның мақсаттарына қол жеткізу және оның
қызметінің үздіксіздігі мүддесі үшін құндылығы бар материалдық немесе материалдық
емес объект;
4) ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама (бұдан әрі – АҚ ТҚ) –
ақпараттандыру объектілерінің және (немесе) ұйымның АҚ-ны қамтамасыз ету
процестеріне қатысты саясатты, қағидаларды, қорғау шараларын белгілейтін құжаттама
;
5) ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларының мониторингі (бұдан әрі – АҚ
оқиғаларының мониторингі) – ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын анықтау және
сәйкестендіру мақсатында ақпараттандыру объектісін ұдайы қадағалау;
6) масштабталу – ақпараттандыру объектісінің өңделетін ақпарат көлемінің және (
немесе) бір мезгілде жұмыс істейтін пайдаланушылар санының өсуіне қарай өзінің
өнімділігін арттыру мүмкіндігін қамтамасыз ету қабілеті;
7) бағдарламалық робот – іздеу жүйесінің немесе мониторинг жүйесінің
веб-беттерді автоматты түрде және (немесе) берілген кесте бойынша қарап шығуды
орындайтын, веб-беттерде табылған сілтемелермен өтіп, олардың мазмұнын оқитын
және индекстейтін бағдарламалық қамтылымы;
8) жабдықты жүктелмеген (суық) резервтеу – ақпараттық жүйені немесе
электрондық ақпараттық ресурсты жедел қалпына келтіру мақсатында жұмысқа
дайындалған және белсенді емес режимде тұрған қосымша серверлік және
телекоммуникациялық жабдықты, бағдарламалық қамтылымды пайдалану;
9) жабдықты жүктелген (қызу) резервтеу – ақпараттық жүйенің, электрондық
ақпараттық ресурстың өткізу қабілетін, сенімділігі мен істен шығуға төзімділігін
икемді және жедел ұлғайту мақсатында қосымша (артық) серверлік және
телекоммуникациялық жабдықты, бағдарламалық қамтылымды пайдалану және оларды
белсенді режимде ұстау;
10) жұмыс станциясы – қолданбалы міндеттерді шешуге арналған жергілікті желі
құрамындағы стационарлық компьютер;
11) жүйелік бағдарламалық қамтылым – есептеу жабдығының жұмысын
қамтамасыз етуге арналған бағдарламалық қамтылым жиынтығы;
12) интернет-браузер – интернет-ресурстардың мазмұнын көрнекі көрсетуге және
онымен интерактивті өзара іс-қимыл жасауға арналған қолданбалы бағдарламалық
қамтылым;
13) кодталған байланыс – кодтау құжаттары мен техникасы пайдаланылатын
қорғалған байланыс;
14) көпфакторлы аутентификациялау – әртүрлі параметрлер комбинациясының,
оның ішінде парольдерді немесе аутентификациялық белгілерді (цифрлық
сертификаттарды, токендерді, смарт-карталарды, бірреттік парольдердің
генераторларын және биометриялық сәйкестендіру құралдарын) генерациялаудың және
енгізудің көмегімен пайдаланушының шынайылығын тексеру тәсілі;
15) кростық үй-жай – қосу, тарату пункттері мен құрылғыларын орналастыруға
арналған телекоммуникациялық үй-жай;
16) қолданбалы бағдарламалық қамтылым (бұдан әрі – ҚБҚ) – нақты саладағы
белгілі бір топтың қолданбалы міндеттерін орындауға арналған бағдарламалық
қамтылым кешені;
17) құпияландырылған байланыс – құпияландыру аппаратурасы пайдаланылатын
қорғалған байланыс;
18) мемлекеттік органдардың серверлік орталығы (бұдан әрі – МО серверлік
орталығы) – меншік иесі немесе иеленушісі "электрондық үкіметтің"
ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы болып табылатын, "
электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін орналастыруға арналған
серверлік үй-жай (деректерді өңдеу орталығы);
19) оқиғаларды журналдау – ақпараттандыру объектісімен болып жатқан
бағдарламалық немесе аппараттық оқиғалар туралы ақпаратты оқиғаларды тіркеу
журналына жазу процесі;
20) серверлік үй-жай (деректерді өңдеу орталығы) – серверлік, активті және
пассивті желілік (телекоммуникациялық) жабдықты және құрылымдалған кәбілдік
жүйелердің жабдығын орналастыруға арналған үй-жай;
21) сыртқы шеңбердің жергілікті желісі (бұдан әрі – сыртқы шеңбердің ЖЖ) –
уәкілетті орган айқындаған ақпараттандыру субъектілерінің жергілікті желісі, ол
ақпараттандыру субъектілері үшін қолжетімділікті байланыс операторлары Интернетке
қол жеткізудің бірыңғай шлюзі арқылы ғана ұсынатын Интернетке қосылған
ақпараттандыру субъектілері телекоммуникациялық желісінің сыртқы шеңберіне
жатқызылған;
22) терминалдық жүйе – қосымшалармен терминалдық ортада немесе талғампаз
клиент-бағдарламалар мен клиенттік-серверлік архитектурада жұмыс істеуге арналған
талғампаз немесе нөлдік клиент;
23) уақыт көзінің инфрақұрылымы – серверлердің, жұмыс станцияларының және
телекоммуникациялық жабдықтың ішкі сағаттарын синхрондау міндеттерін
орындайтын, уақытты синхрондаудың желілік хаттамасын пайдаланатын иерархиялық
байланысқан серверлік жабдық;
24) үкіметтік байланыс – мемлекеттік басқару қажеттеріне арналған арнайы
қорғалған байланыс;
25) ұйым – мемлекеттік заңды тұлға, квазимемлекеттік сектор субъектісі,
мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланатын немесе
мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған
мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің меншік иелері және иеленушілері, сондай-ақ
ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің меншік
иесі мен иеленушісі;
26) федеративті сәйкестендіру – сенімді қатынастар орнатқан жүйелердегі және
желілердегі электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу үшін пайдаланушының
бірыңғай атын және аутентификациялық сәйкестендіргішті пайдалануға мүмкіндік
беретін технологиялар кешені;
27) шифрланған байланыс – қол шифрларын, шифрлау машиналарын, желілік
шифрлау аппаратурасын және есептеу техникасының арнаулы құралдарын пайдалана
отырып қорғалған байланыс;
28) ішкі шеңбердің жергілікті желісі (бұдан әрі – ішкі шеңбердің ЖЖ) – уәкілетті
орган айқындаған ақпараттандыру субъектілерінің жергілікті желісі, ол мемлекеттік
органдардың бірыңғай көліктік ортасына қосылған ақпараттандыру субъектілерінің
телекоммуникациялық желісінің ішкі шеңберіне жатқызылған;
29) "электрондық үкіметтің" сыртқы шлюзі (бұдан әрі – ЭҮСШ) – "электрондық
үкімет" шлюзінің МО БКО-да орналасқан ақпараттық жүйелердің МО БКО-дан тыс
орналасқан ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған кіші
жүйесі;
30) ақпараттық қауіпсіздіктің ішкі аудиті – ұйымдағы ақпараттандыру
объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігінің ағымдағы жай-күйінің сапалық және сандық
сипаттамаларын бақылаудың әділ, құжатталған, өз мүдделерінде ұйым өзі жүзеге
асыратын процесі;
31) желіаралық экран – ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымда жұмыс
істейтін, берілген қағидаларға сәйкес желілік трафикті бақылау мен електен өткізуді
жүзеге асыратын ақпараттық-бағдарламалық немесе бағдарламалық кешен;
32) уәкілетті орган айқындаған ақпараттандыру субъектілері – жергілікті (
Интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және
корпоративтік желілердің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік
органдардың бірыңғай көліктік ортасын пайдаланатын мемлекеттік органдар, олардың
ведомстволық бағынысты ұйымдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары,
сондай-ақ өзге де ақпараттандыру субъектілері.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.06.2022 № 383 (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
қаулысымен.
6-1. Цифрлық трансформациялау шеңберінде МО мен ЖАО-ны цифрландыру "
электрондық үкімет" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту не "электрондық
үкімет" архитектурасына сәйкес "электрондық үкімет" ақпараттандыру объектілерін
немесе ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алу жолымен,
оның ішінде мыналар ескеріле отырып жүзеге асырылады:
1) платформалылық – "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық
инфрақұрылымының ведомствоаралық орталықтандырылған технологиялық
платформаларын және мемлекеттік басқарудың әртүрлі салалары (аялары) шеңберінде
ортақ техникалық міндеттерді шешу құралдарын қалыптастыру және тұрақты дамыту;
2) шешімдердің әмбебаптығы – үлгілік қолданбалы міндеттерді шешу және
қамтамасыз етуші үлгілік мемлекеттік функцияларды автоматтандыру үшін дайын
бағдарламалық қамтылым мен сервистік бағдарламалық өнімдерді айқындау және
олардың пайдаланылуын қамтамасыз ету;
3) шешімдерді компонентпен құру – итеративті түрде жоспарланып, әзірленіп және
енгізіліп, бүкіл шешім функционалының бір бөлігін және оны пайдаланудан түсетін
пайданы кезең-кезеңімен ұсынатын микросервистер форматы бойынша "электрондық
үкімет" ақпараттандыру объектілерінің жекелеген стандартты компоненттерін әзірлеуді
және енгізуді қамтамасыз ету;
4) нәтижелілік – "электрондық үкімет" ақпараттандыру объектілерін пайдаланудан
барынша пайда алу, құрылымдық компоненттер мен шығындарды оңтайландыру
жолымен шығасылар мен тәуекелдерді қысқарту;
5) техникалық әралуандықты оңтайландыру – еркін бағдарламалық қамтылымның
негізделген қолданылуын және техникалық әралуандықты жүйелі басқаруды
қамтамасыз ету.
Ескерту. 1-тарау 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 10.02.2023 № 112 (
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) қаулысымен.
7. Осы БТ мақсаттары үшін мынадай қысқартулар пайдаланылады:
1) АБК – аппараттық-бағдарламалық кешен;
2) АҚ – ақпараттық қауіпсіздік;
3) АЖ – ақпараттық жүйе;
4) АКИ – ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым;
5) АКТ – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
6) БҚ – бағдарламалық қамтылым;
7) ЖАО – жергілікті атқарушы органдар;
8) ЕБҚ – еркін бағдарламалық қамтылым;
9) ИҚБШ – Интернетке қолжетімділіктің бірыңғай шлюзі;
10) ИР – интернет-ресурс;
11) МО – орталық атқарушы орган, Қазақстан Республикасының Президентіне
тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган, орталық атқарушы орган
ведомствосының аумақтық бөлімшелері;
12) МО БКО – мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы;
13) МО ИРБТ – мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай
тұғырнамасы;
14) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 10.02.2023 № 112 (01.01.2023 бастап қолданысқа
енгiзiледi) қаулысымен;
15) ЭАР – электрондық ақпараттық ресурстар;
16) ЭҮ АКП – "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық
платформасы;
17) ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба;
18) АС – уәкілетті орган айқындайтын ақпараттандыру субъектілері.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.01.2021 № 12 (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
10.02.2023 № 112 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.
7-1. Платформалылық мынадай талаптарды орындауға негізделеді:
1) "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының
технологиялық платформалары базасында шешімдер құруды және дамытуды жүзеге
асыру және (немесе) "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық
инфрақұрылымының технологиялық платформаларының функционалдық
мүмкіндіктерін пайдалану;
2) "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы
технологиялық платформаларының функционалдық мүмкіндіктерін қайталайтын
компоненттерді алып тастау;
3) "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының
технологиялық платформаларын пайдалана отырып, мемлекеттік функцияларды
орындау процестерін және олардан туындайтын көрсетілетін қызметтерді
автоматтандыруды қамтамасыз ету.
Ескерту. 1-тарау 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 10.02.2023 № 112 (
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) қаулысымен.
2-тарау. Ақпараттандыруды және ақпараттық қауіпсіздікті ұйымдастыру
мен басқаруға қойылатын талаптар
1-параграф. Мемлекеттік органды ақпараттандыруға қойылатын талаптар
8. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 10.02.2023 № 112 (01.01.2023 бастап қолданысқа
енгiзiледi) қаулысымен.
8-1. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 10.02.2023 № 112 (01.01.2023 бастап
қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
8-2. Шешімдердің әмбебаптығы мынадай талаптарды орындауға негізделеді:
1) үлгілік қолданбалы міндеттерді және қамтамасыз етуші үлгілік мемлекеттік
функцияларды орындау процестерін автоматтандыру үшін дайын бағдарламалық
қамтылым мен сервистік бағдарламалық өнімдерді пайдалану;
2) мемлекеттік органның мемлекеттік функцияларын орындау ерекшеліктерін
дайын бағдарламалық қамтылымда және сервистік бағдарламалық өнімдерде іске
асырылған процестерге ендіру процесінде бағдарламалық қамтылымды теңшеу және
пысықтау қажеттігінсіз бейімдеу;
3) сервистік бағдарламалық өнімдерді пайдаланған кезде мемлекеттік органдардың
ендіруге, пайдаланушыларды оқытуға, бағдарламалық қамтылымды және
ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым компоненттерін сатып алуға ендіруге
қосымша шығындарының болмауы.
Ескерту. 2-тарау 8-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 10.02.2023 № 112 (
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) қаулысымен.
9. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 10.02.2023 № 112 (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
9-1. Шешімдерді компонентпен құру мынадай талаптарды орындауға негізделеді:
1) шешімдерді микросервистік архитектура негізінде стандартты компоненттерді
қолдана отырып құру;
2) қойылған міндеттерді шешуге және талаптарға сәйкестікті қамтамасыз етуге
мүмкіндік беретін компоненттердің ең аз қажетті жиынтығын пайдалану;
3) байланысы жоқ өзіндік мемлекеттік функцияларды және (немесе) қамтамасыз
етуші үлгілік мемлекеттік функцияларды қатарлас автоматтандыратын артық
компоненттерді жоққа шығару;
4) компоненттер құрамының, құрылымының және функционалдығының Қазақстан
Республикасы заңнамасының өзгерістеріне, әлеуметтік-экономикалық даму
басымдықтарына, сондай-ақ мемлекеттік органдардың құрамына, құрылымына және
өкілеттіктеріне бейімделуін, таратыла қолданылуын және икемділігін қамтамасыз ету;
5) компоненттердің "электрондық үкімет" ақпараттандыру объектісінің
мақсаттарына, міндеттеріне және мақсатына толық сәйкес келуі;
6) функционалдық тәуелсіздікті және компоненттердің міндеттері мен
функционалдық мүмкіндіктерінің қайталануының болмауын қамтамасыз ету;
7) компоненттерді ашық стандарттар базасында және оны көп мәрте пайдалануды
қамтамасыз ету үшін бөгде шешімдерге компонент ұсынатын қолданбалы
бағдарламалаудың стандартты интерфейстері жиынтығын (application programming
interface, API) пайдалана отырып қалыптастыру;
8) архитектураның бірнеше деңгейін, соның ішінде ұсыну, бизнес-логика және
деректерді сақтау деңгейлерін шешім компоненттерінің бір мезгілде қамтуын жоққа
шығару арқылы архитектураны көп деңгейлі құру;
9) пысықтау және көп мәрте пайдалану үшін компоненттердің қолжетімділігін
қамтамасыз ету.
Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 10.02.2023 № 112 (
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) қаулысымен.
10. "Электрондық үкіметтің" архитектурасын дамыту Заңның 7-бабының 10)
тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін "электрондық үкіметтің"
архитектурасын дамыту жөніндегі талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
10-1. Нәтижелілік мынадай талаптарды орындауға негізделеді:
1) шығындарды қысқарту, ақталуын қамтамасыз ету және бюджетке түсетін
қаражат түсімдерінің көлемін арттыру жолымен барынша сандық экономикалық әсерді
қамтамасыз ету;
2) жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік басқару саласының (аясының) және (
немесе) тұтас мемлекеттің қажеттіктерін қанағаттандыруға бағытталуы;
3) "электрондық үкімет" ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеу нәтижелері
көрсеткіштерінің мәндері мен өлшем бірліктерінің және мемлекеттік басқару
саласының (аясының) нысаналы индикаторларының үйлесімін қамтамасыз ету;
4) өзіндік мемлекеттік функцияларды орындау процестерін автоматтандыру
басымдығын қамтамасыз ету;
5) компоненттердің санын кейіннен кеңейте отырып және (немесе) олардың
функционалдық деңгейін арттыра отырып, функционалдық мүмкіндіктердің базалық
жиынтығы бар шешім компоненттерінің бір бөлігін енгізу арқылы шешімдерді
біртіндеп итеративті құру және дамыту.
Ескерту. 2-тарау 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 10.02.2023 № 112 (
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) қаулысымен.
11. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 10.02.2023 № 112 (01.01.2023 бастап қолданысқа
енгiзiледi) қаулысымен.
11-1. Техникалық әралуандықты оңтайландыру мынадай талаптардың орындалуына
негізделеді:
1) мемлекеттік органның қолданыстағы ақпараттық-коммуникациялық
инфрақұрылымы компоненттерінің иеліктен шығарылуы, бағдарламалық
қамтылымның атаулары мен нұсқаларынан, сондай-ақ шектеулерден тәуелсіздігі;
2) қолданыстағы бағдарламалық қамтылымның әралуандығын оңтайландыруды
және мемлекеттік органның қолданыстағы ақпараттық-коммуникациялық
инфрақұрылымын оңайлатуды қамтамасыз ету;
3) пайдалану шарттарының өзгеруі және автоматтандыру объектілерінің санын
кеңейту нәтижесінде одан әрі даму үшін шектеулерді алып тастау;
4) бағдарламалық қамтылымның өзекті нұсқаларын пайдалануды қамтамасыз ету;
5) шешім компоненттерінің шектеусіз жұмыс істеу қабілеттілігі және
проприетарлық лицензиялық бағдарламалық қамтылымға қатысты иеліктің оңтайлы
жиынтық құны қамтамасыз етілген жағдайларда еркін бағдарламалық қамтылым
пайдаланылатын шешімдер құруды және дамытуды жүзеге асыру.
Ескерту. 2-тарау 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 10.02.2023 № 112 (
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) қаулысымен.
12. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 10.02.2023 № 112 (01.01.2023 бастап қолданысқа
енгiзiледi) қаулысымен.
13. МО-ны және ЖАО-ны ақпараттандыру саласындағы тауарлармен, жұмыстармен
, көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету бюджеттік бағдарламалар әкімшілері
ұсынған ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін
қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабына
ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның қорытындысын ескере отырып сатып
алу жолымен жүзеге асырылады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.02.2023 № 112 (01.01.2023
бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
13-1. МО және ұйымдар "Электрондық үкімет" ақпараттандыру объектілері туралы
мәліметтерді есепке алу және "электрондық үкімет" ақпараттандыру объектілері
техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыру қағидаларына
сәйкес "электрондық үкімет" архитектуралық порталында ақпараттандыру объектілері
туралы мәліметтерді және олардың техникалық құжаттамасының электрондық
көшірмелерін орналастырады.
Орналастыру талап етілетін ақпараттандыру объектісінің техникалық
құжаттамасының тізбесі "Электрондық үкімет" ақпараттандыру объектілері туралы
мәліметтерді есепке алу және "электрондық үкімет" ақпараттандыру объектілерінің
техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыру қағидаларында
айқындалады.
Ескерту. 13-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.02.2023 № 112 (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
қаулысымен.
14. МО-да немесе ЖАО-да ақпараттандыру саласындағы міндеттерді жүзеге
асыруды:
1) АКТ қолданудың мониторингін және талдауды;
2) АКТ-активтерінің пайдаланылуын есепке алу мен талдау жөніндегі іс-шараларға
қатысуды;
3) МО-ның стратегиялық жоспарына ақпараттандыру мәселелері жөнінде
ұсыныстар әзірлеуді;
4) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру, сүйемелдеу және
дамыту бойынша жұмыстарды үйлестіруді;
5) өнім берушілердің ақпараттандыру саласындағы көрсетілетін қызметтердің
шарттарда көзделген сапа деңгейін қамтамасыз етуін бақылауды;
6) "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында "электрондық үкіметтің"
ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді және "электрондық үкіметтің"
ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамаларының электрондық
көшірмелерін есепке алуды және өзектілендіруді;";
7) "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторына әзірленген бағдарламалық
қамтылымды, бастапқы бағдарламалық кодтарды (бар болса), "электрондық үкіметтің"
ақпараттандыру объектілерінің лицензияланған бағдарламалық қамтылымының
баптаулары кешенін есепке алу және сақтау үшін беруді;
8) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 10.02.2023 № 112 (01.01.2023 бастап қолданысқа
енгiзiледi) қаулысымен;
9) АҚ жөніндегі талаптарды орындауды жүзеге асыратын ақпараттық
технологиялар бөлімшесі қамтамасыз етеді.
Ескерту. 14-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Үкіметінің 31.12.2019 № 1047 (
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі); 10.02.2023 № 112 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.
14-1. Меншік иелері және (немесе) иеленушілер "электрондық үкімет"
ақпараттандыру объектісі өнеркәсіптік пайдалануға берілген кезден бастап Заңның 7-
бабының 31) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен "Электрондық үкімет"
ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы
бағдарламалық кодтарын (бар болса), лицензиялық бағдарламалық қамтылымының
теңшеу кешенін есепке алу және сақтау қағидаларына сәйкес "электрондық үкімет"
ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымының, бастапқы
бағдарламалық кодтарының (бар болса), лицензиялық бағдарламалық қамтылымының
теңшеу кешенінің барлық нұсқаларын есепке алу және сақтау үшін операторға беруді
қамтамасыз етеді.
Ескерту. 2-тарау 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 10.02.2023 № 112 (
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) қаулысымен.
15. МО-дағы және ЖАО-дағы жұмыс кеңістігі "Халық денсаулығы және денсаулық
сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы
Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес халықтың
санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган
бекіткен "Әкімшілік және тұрғын үй ғимараттарына қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес
ұйымдастырылады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 31.12.2019 № 1047 (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
қаулысымен.
16. МО және ЖАО қызметшісінің жұмыс орны оның функционалдық міндеттеріне
байланысты жабдықталады және мыналарды қамтиды:
1) МО немесе ЖАО ішкі шеңберінің ЛЖ-сы қосылған жұмыс станциясы немесе
үйлестірілген жұмыс орны не терминалды жүйе. Қажет болған кезде жұмыс орнын
қосымша монитормен жабдықтауға жол беріледі;
2) қажет болған кезде мультимедиялық ЭАР немесе бейне-конференциялық
байланыс жүйесімен жұмыс істеуге арналған мультимедиялық жабдық (құлаққаптар,
микрофон мен веб-камера) жиынтығы;
3) телефон байланысы немесе IP-телефония аппараты.
17. МО-ның және ЖАО-ның біріздендірілген жұмыс орнына немесе терминалды
жүйесіне, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің
компоненттеріне қойылатын талаптарды уәкілетті орган бекітеді.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.01.2021 № 12 (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
қаулысымен.
17-1. МО-ның және ЖАО-ның жұмыс орнының немесе терминалды жүйесінің
уәкілетті орган бекіткен МО-ның және ЖАО-ның үйлестірілген жұмыс орнына немесе
терминалды жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес болуы қамтамасыз етіледі.
Талаптар қажеттілігіне қарай жаңартылады және өзектілендіріледі.
Ескерту. Талаптар 17-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 18.01.2021 № 12 (
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) қаулысымен.
18. Жұмыс станцияларының сатып алынатын үлгілерін таңдау кезінде мынадай
ережелерді басшылыққа алу қажет:
1) жұмыс станцияларының аппараттық сипаттамалары пайдаланатын БҚ әзірлеуші (
өндіруші) ұсынатын жүйелік талаптарға сәйкес не олардан артық;
2) көрсетілетін қызметтердің жалпы деңгейін қамтамасыз ету үшін жұмыс
станцияларының конфигурациялары біріздендіріледі;
3) жұмыс станциялары үшін БҚ жаңартуларын орталықтандырылып
автоматтандырылған тарату ұйымдастырылады;
4) әкімшілендірудің сапасы мен жылдамдығын арттыру үшін жұмыс
станцияларының әртүрлі аппараттық-бағдарламалық конфигурацияларының саны үш
түрімен шектеледі:
қолданбалы БҚ-мен жұмыс істеуге арналған жұмыс станциясы;
графикалық пакеттермен, үлгілеудің БҚ пакеттерімен және өзгелермен жұмыс
істеуге арналған қуаты жоғары жұмыс станциясы. Графикасы дамыған, процессордың
өнімділігіне, жедел жады және кіші бейнежүйелерінің көлеміне қойылатын талаптары
жоғары қосымшалар үшін қолданылады;
мобильдік пайдаланушылардың жұмысына арналған ноутбук.
19. Техникалық талаптардың ерекшелігі үшін жұмыс станцияларының мынадай
басты параметрлері бөлінеді:
1) мыналарды қамтитын өнімділік:
процессордың тез әрекет ету параметрлері;
жедел жадының қажетті көлемі;
деректер таратудың ішкі шиналарының жылдамдығы;
графикалық кіші жүйенің тез әрекет етуі;
енгізу/шығару құрылғыларының тез әрекет етуі;
монитор матрицасының параметрлері;
2) тұрақты бас тартылған аппараттық құралдар мен БҚ пайдалану есебінен
қамтамасыз етілетін және үздіксіз жұмыс істеуінің орташа уақытын ескере отырып
анықталатын сенімділік;
3) мыналарды:
процессорлардың саны мен өнімділігін;
жедел және сыртқы жады көлемін;
кіріктірілген жинақтағыштардың сыйымдылығын арттыру мүмкіндігі есебінен
дербес компьютердің архитектурасымен және құрылымымен қамтамасыз етілетін
ауқымдау.
20. АҚ-ны қамтамасыз ету үшін:
1) АҚ ТҚ-да:
МО немесе ЖАО қызметшілерінің жұмыс станцияларын орнату тәсілдері;
электрмен жабдықтау жүйесіндегі істен шығулардан және коммуналдық қызметтер
жұмысындағы кідірулерден туындайтын басқа да бұзылулардан жұмыс станцияларын
қорғау тәсілдері;
үздіксіз қолжетімділігін және тұтастығын қамтамасыз ету үшін жұмыс
станцияларына техникалық қызмет көрсету рәсімдері мен мерзімділігі;
түрлі сыртқы тәуекелдерді ескере отырып, МО-дан немесе ЖАО-дан тыс
орналасқан мобильдік пайдаланушылардың жұмыс станцияларын қорғау тәсілдері;
жұмыс станцияларын екінші рет пайдаланған немесе ақпаратты тасығыштарды
пайдаланудан шығарған кезде ақпаратты кепілдікті жою тәсілдері;
жұмыс станцияларын жұмыс орнынан тыс шығару қағидалары айқындалады;
2) тұрақты негізде конфигурацияларын, сондай-ақ бірегей сәйкестендіруші
деректері бар электрондық ақпарат тасығыштарды тексере отырып, жұмыс
станцияларын есепке алу жүргізіледі;
3) жұмыс станцияларында ішкі шеңбердің ЛЖ-сында сырттан қашықтықтан
басқарудың бағдарламалық немесе аппараттық құралдарын орнатуға және қолдануға
жол берілмейді. Ішкі шеңбердің ЛЖ-сында қашықтықтан ішкі басқаруға МО немесе
ЖАО құқықтық актісінде тікелей көзделген жағдайларда жол беріледі;
4) АҚ бөлімшелері қызметшілерінің жұмыс станцияларын қоспағанда, МО және
ЖАО қызметшілерінің жұмыс станциялары мен мобильдік компьютерлеріндегі
қолданылмайтын енгізу-шығару порттары ажыратылады немесе бұғатталады.
Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.01.2021 № 12 (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
қаулысымен.
21. МО және ЖАО қызметшілерінің жұмыс станцияларындағы сыртқы электрондық
тасығыштарды қолдану арқылы ақпаратты енгізу-шығару операциялары мәселесі МО
немесе ЖАО қабылдаған АҚ саясатына сәйкес реттеледі.
22. МО және ЖАО қызметшісінің жұмыс орнындағы жабдықты орналастыруды
оңтайландыру мақсатында бірнеше жұмыс станциясы үшін желілік интерфейстерді
қолданусыз монитордың, қол манипуляторы (тінтуір) мен клавиатураның бір бірлігін
пайдалануды қамтамасыз ететін арнайы жабдықты пайдалануға жол беріледі.
23. ЭҮ АКП сервистерін пайдалану үшін МО немесе ЖАО ішкі шеңберінің
ЛЖ-сына қосылған жұмыс станциясы ЭҮ АКП инфрақұрылымына желілік қосылумен
қамтамасыз етіледі.
24. МО мен ЖАО-ның қызметтік ақпаратын өңдеу және сақтау МО немесе ЖАО
ішкі шеңбері мен сыртқы шеңберінің ЖЖ-сына қосылған жұмыс станцияларында
жүзеге асырылады.
МО мен ЖАО-ның қолжетімділік шектелген қызметтік ақпараты МО немесе ЖАО
ішкі шеңберінің ЖЖ-сына қосылған және Интернетке қосылмаған жұмыс
станцияларында өңделеді.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.02.2023 № 112 (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
қаулысымен.
25. МО және ЖАО қызметшілеріне Интернетке қолжетімділік МО және ЖАО
сыртқы шеңберінің ЖЖ-не қосылған, Қазақстан Республикасының мемлекеттік
құпияларын қорғау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес айқындалатын режимдік
үй-жайлардан тыс орналасқан жұмыс станцияларынан беріледі.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.06.2022 № 383 (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
қаулысымен.
25-1. Сыртқы шеңбердің локальдық желілерінен интернетке қолжетімділікті
ұйымдастырған кезде міндетті түрде вирустарға қарсы құралдардың болуы, интернет
желісіне қосылған жұмыс станцияларындағы операциялық жүйелердің жаңартылуы
қамтамасыз етіледі.
Ескерту. Талаптар 25-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 18.06.2018 №
355 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
26. Телефон байланысының сервисі:
1) ортақ пайдаланудағы цифрлық телефон желілерінің базасымен қатар
IP-телефония технологияларын пайдаланумен де іске асырылады;
2) пайдаланушыны:
абоненттерді ішкі және сыртқы шеңбердің қолданыстағы локальдық есептеу желісі
мен ведомстволық деректерді беру желісі арқылы қосуды қолдану;
ортақ пайдаланудағы телефон байланысы операторының байланыс қызметтерін Е1
ағыны бойынша пайдалану;
ұялы байланыс операторларын пайдалану;
қалааралық және халықаралық қоңырау шалу қызметін пайдалану арналары арқылы
телефон желісі абоненттерімен қосуды қамтамасыз етеді.
27. Конференциялар, тұсаукесерлер, мәжілістер, телекөпірлер өткізу үшін МО және
ЖАО конференц-залы:
1) қатысушы орнында микрофон, дауыс күшейткіш және сұрау салу мен
қатысушының сөз сөйлеуінің жарық индикаторын орналастыруды қамтитын дауыс
күшейткіш конференц-жүйесімен;
2) ақпаратты жүктеу-көшіру құрылғысымен жарақталады.
Басқа қалалардағы немесе елдердегі географиялық бөлінген қатысушылармен "
телекөпір" ұйымдастыру үшін конференц-жүйе қажеттілігіне байланысты ЭҮ АКИ
операторының аудио және бейнеконференцбайланыс жүйесімен толықтырылады.
28. Басып шығару сервисі:
1) МО ішкі шеңберінің локальдық желісіне желілік интерфейсті немесе басып
шығару серверіне тікелей қосылуды пайдалана қосылған басып шығару, көшіру және
сканерлеу жабдықтары арқылы іске асырылады;
2) мыналарды:
пайдаланушылар мен құрылғыларды орталықтан басқаруды;
шығындарды бөлімшелер мен пайдаланушылар арасында бөлу мүмкіндігімен
пайдаланушылардың сәйкестендіру нөмірлері бойынша басып шығарылатын
құжаттарды, сондай-ақ электрондық пошта арқылы жіберілген көшірмелерді,
факстарды және сканерлеулерді есепке алуды;
басып шығару, көшіру және сканерлеу белсенділігін графикалық бейнелейтін
есептер жүйесін;
пайдаланушыны басып шығару сервисін пайдалануды бастағанға дейін
сәйкестендіруді;
АҚ ТҚ-да регламенттелген әдістермен МО қызметшісін басып шығару
құрылғысында авторлауды;
басып шығарылған құжаттарды қолжетімді басу құрылғысынан алу мүмкіндігімен
басып шығарудың бірыңғай кезегі арқылы басуды жүзеге асыратын басу кезегін
қалыптастыруды іске асыратын бағдарламалық қамтылыммен қамтамасыз етіледі.
2-параграф. Ақпараттық қауіпсіздікті ұйымдастыруға қойылатын талаптар
29. МО-да, ЖАО-да немесе ұйымда АҚ ұйымдастыру, қамтамасыз ету және басқару
кезінде "Ақпараттық технология. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістері мен құралдары.
Ақпаратты қорғауды басқару құралдары бойынша ережелер жинағы" Қазақстан
Республикасының ҚР СТ ISO/IEC 27005-2015 стандартының ережелерін басшылыққа
алу қажет.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.01.2021 № 12 (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
қаулысымен.
29-1. Елдің қорғанысы мен мемлекет қауіпсіздігі үшін ақпараттық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету талаптарын іске асыру мақсатында Заңға және Қазақстан
Республикасының мемлекеттік сатып алу, квазимемлекеттік сектордың жекелеген
субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасына сәйкес БҚ мен электрондық өнеркәсіп
өнімін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп
өнімінің тізілімінен тауар мен ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызмет
түрінде сатып алу жүзеге асырылады.
Заңның 7-6-бабының 7-тармағына сәйкес электрондық өнеркәсіп саласындағы
уәкілетті орган бекіткен Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және
электрондық өнеркәсіп өнімнің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларына,
сондай-ақ бағдарламалық қамтылымды және электрондық өнеркәсіп өнімін сенім
білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің
тізіліміне енгізу жөніндегі өлшемшарттарға сәйкес сенім білдірілген бағдарламалық
қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізілімін электрондық
өнеркәсіп саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.
Бұл ретте сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық
өнеркәсіп өнімінің тізілімінде қажетті өнім болмаған жағдайда оны Қазақстан
Республикасының мемлекеттік сатып алу, квазимемлекеттік сектордың жекелеген
субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасына сәйкес сатып алуға жол беріледі.
Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп
өнімінің тізіліміне енгізілген бағдарламалық қамтылымның меншік иелері мен
иеленушілері бастапқы бағдарламалық кодтарды есепке алу және сақтау үшін
операторға беруді қамтамасыз етеді.
Ескерту. Талаптар 29-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 31.12.2019 №
1047 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.02.2023 № 112
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) қаулысымен.
30. АҚ қамтамасыз ету саласындағы жауапкершіліктің және функциялардың
аражігін ажырату мақсатында ақпараттандыру объектілерін құру, сүйемелдеу және
дамыту мәселелерімен айналысатын басқа құрылымдық бөлімшелерден оқшау
құрылымдық бөлімше болып табылатын АҚ бөлімшесі құрылады немесе АҚ-ны
қамтамасыз етуге жауапты лауазымды адам белгіленеді.
АҚ қамтамасыз етуге жауапты қызметкерлер АҚ қамтамасыз ету саласында
сертификат берілетін мамандандырылған курстардан кемінде үш жылда бір рет өтеді.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.01.2021 № 12 (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
қаулысымен.
31. АҚ ТҚ өз қызметінде МО, ЖАО немесе ұйым басшылыққа алатын құжатталған
қағидалардың, рәсімдердің, практикалық тәсілдердің немесе басшылық
қағидаттарының төрт деңгейлі жүйесі түрінде құрылады.
АҚ ТҚ қазақ және орыс тілдерінде әзірленеді, МО-ның, ЖАО-ның немесе ұйымның
құқықтық актісімен бекітіледі және МО, ЖАО барлық қызметшілерінің немесе ұйым
қызметкерлерінің назарына жеткізіледі.
АҚ ТҚ ондағы ақпаратты талдау және өзектілендіру мақсатында кемінде екі жылда
бір рет қайта қаралады.
Ескерту. 31-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 18.06.2018 № 355 (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
қаулысымен.
32. МО-ның, ЖАО-ның немесе ұйымның АҚ саясаты бірінші деңгейдегі құжат
болып табылады және МО немесе ұйым күнделікті қызметінде басшылыққа алатын
АҚ-ны қамтамасыз ету саласындағы мақсаттарды, міндеттерді, басшылық қағидаттары
мен практикалық тәсілдерді айқындайды.
32-1. АҚ саясатының талаптарын нақтылайтын қаржы ұйымының ішкі
құжаттарының тізбесі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және
қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету жөніндегі қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес
айқындалады.
Ескерту. Талаптар 32-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 18.01.2021 № 12 (
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) қаулысымен.
33. Екінші деңгейдегі құжаттар тізбесіне МО-ның, ЖАО-ның немесе ұйымның АҚ
саясатының талаптарын нақтылайтын құжаттар кіреді, соның ішінде:
1) ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін бағалау әдістемесі;
2) ақпаратты өңдеу құралдарымен байланысты активтерді сәйкестендіру, жіктеу
және таңбалау қағидалары;
3) ақпаратты өңдеу құралдарымен байланысты активтердің үздіксіз жұмысын
қамтамасыз ету жөніндегі қағидалар;
4) есептеу техникасы құралдарын, телекоммуникация жабдығын және
бағдарламалық қамтылымды түгендеу мен паспорттау қағидалары;
5) ішкі АҚ аудитін жүргізу қағидалары;
6) ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын пайдалану тәртібі;
7) электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу құқығының аражігін ажырату
қағидалары;
8) Интернет желісі мен электрондық поштаны пайдалану қағидалары;
9) аутентификациялау рәсімін ұйымдастыру қағидалары;
10) вирусқа қарсы бақылауды ұйымдастыру қағидалары;
11) мобильдік қондырғыларды және ақпаратты тасығыштарды пайдалану
қағидалары;
12) ақпаратты өңдеу құралдарын нақты қорғауды және ақпараттық ресурстардың
қауіпсіз қызмет ету ортасын ұйымдастыру қағидалары.
34. Үшінші деңгейдегі құжаттар АҚ-ны қамтамасыз ету процестері мен
рәсімдерінің сипаттамаларын қамтиды, соның ішінде:
1) АҚ қатерлері (тәуекелдері) каталогы;
2) АҚ қатерлерін (тәуекелдерін) өңдеу жоспары;
3) ақпаратты резервтік көшіру және қалпына келтіру регламенті;
4) ақпаратты өңдеу құралдарымен байланысты активтердің үздіксіз жұмысын және
жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіруді қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспары;
5) әкімшінің ақпараттандыру объектісін сүйемелдеу жөніндегі басшылығы;
6) пайдаланушылардың АҚ инциденттеріне ден қою және штаттан тыс (дағдарысты
) жағдайларда әрекет ету бойынша іс-қимыл тәртібі туралы нұсқаулық.
35. Төртінші деңгейдегі құжаттар тізбесі орындалған рәсімдер мен жұмыстар

Дата публикации
21 декабря 2023