
Шарын ауылдық мәдениет үйі 1976 жылы Еңбек Қызыл Ту орденді «Свердлов» атындағы колхоздың қаржысымен салынып, пайдалануға берілген, 500 орынды, екі қабатты.
Пайдалануға берілген жылдан бастап, ауыл халқына мәдени қызмет көрсетті. Кеңес үкіметі тарап, қараусыз қалған мәдениет үйі 2003 жылы Ұйғыр ауданы әкімінің баланысына өтіп, 2003 жылы үш штат бірлігі бойынша жұмыс істей бастаған.