Қырғызсай ауылдық округі әкімінің аппараты, Қырғызсай ауылының көшелерінің атауларына өзгерістер енгізілуі туралы хабарлайды.
Қырғызсай ауылының шығыстан батысқа қарай жетінші көшеге – Тобыл көшесі, сегізінші көшеге – Меркі көшесі, оңтүстіктен солтүстікке қарай бірінші көшеге – Айнакөл көшесі деп атау берілсін.
Осы жоба алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2025 жылғы 19 маусымда Ұйғыр ауданының Қырғызсай ауылдық округі әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өтеді
2025 жылғы 19 маусым сағат 16.00-де Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Қырғызсай ауылы, Абай көшесі, № 64 мекен-жайы бойынша «Ұйғыр ауданының Қырғызсай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өтеді. Қосымша ақпарат алу үшін 8 /72778/56-3-46 нөміріне хабарласуға болады.
А
Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2015 жылғы 19 қазандағы № 201-қосымшасына сәйкес «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілгенін хабарлайды. сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау» Ағымдағы жылдың 13-25 маусым аралығында Ұйғыр ауданының «Қырғызсай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді.
Барлық сұрақтар бойынша аудан әкімі аппаратының 8/72778/56-3-46 телефоны бойынша хабарласуға болады.
ХАБАРЛАНДЫРУ.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 30 қазандағы № 503-НҚ бұйрығымен бекітілген Өңірлік нышан жобасын әзірлеу қағидаларына сәйкес, Алматы облысының өңірлік нышанын әзірлеу үшін өтініштер 2025 жылғы 17 ақпан мен 17 мамыр аралығында қабылданады, деп хабарлайды barysnews.kz
Өңірлік нышан жобасына қойылатын талаптар:
Жобаны әзірлеу:
— қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірлікті нығайту,
— геральдикалық белгілерді сақтау,
— өңірдің ұлттық дәстүрлерін, тарихи, мәдени, географиялық, әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін есепке алу қағидаларына негізделеді.
Жобаны әзiрлеу кезiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы мен Мемлекеттiк Елтаңбасының бейнесін, сондай-ақ дiни, рулық және тайпалық белгiлердiң бейнесін пайдалануға тыйым салынады.
Жобаны әзірлеу кезінде мыналар ескерілерді:
— жоба бұрын пайдаланылмаған және өзінің ерекшелігімен жергілікті жердің болашақ даму бағытын құруды айқындайтын жаңа жұмыс болып табылады;
— жобаның визуалды құрамдас бөлігі, үш өлшемді кескіні және (немесе) моделі анық бедері бар;
— жобада ресми атаулар, жазулар және басқа да мәтіндер қазақ тілінде жазылады;
— жобаны әзірлеу кезінде авторлық құқықты және (немесе) сабақтас құқықты бұзуға, плагиатқа жол берілмейді.
Жобаның авторы Қазақстан Республикасының азаматтары болып танылады.
Жобаны жасауға бірнеше жеке тұлға қатысқан, жағдайда олардың барлығы оның авторлары (бірлескен авторлары) болып саналады.
Жобаны әзірлеу кезінде ұлттық этнографиялық элементтерді (ою-өрнектерді) пайдалануға рұқсат етіледі.
Конкурсқа қатысуға өтінім қазақ және орыс тілдерінде қабылданады және жобаның сипаттамасын қамтиды.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді облыстық ішкі саясат басқармасына (электронды көшірмесі zhumash.ibrayva.64@mail почтасына қағаз және электронды тасымалдағышта 2025 жылғы 17 мамырдан кешіктірілмей ұсынылуы тиіс!.
Сұрақтар туындаған жағдайда 87773717606 (Ибраева Жұмаш Чиныбековна), 87776883792 (Дауренбаев Марат Өмірбекұлы) номеріне хабарласуға болады
2025 жылдың 27 ақпан күні Рахат елді мекенінде бата беруден аудандық жарыс өтті. Жарысқа қатысушылар арнайы сертификаттар мен ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Ауыл ақсақалы Дәулетхан Мухаметжанов атамын 2-орын иеленіп, 20 мың теңге ақшалай сыйлық пен арнайы сертификатпен марапатталды.
2025 жылдың 22-қаңтар күні жол-көлік оқиғасының алдан алу, қоғамдық көліктер мен электроскутер,
мотокөлік пайдалаудағы заң талаптары туралы түсіндіру мақсатында 9-11 сынып оқушылары мен жасөспірімдерді
қамтыған жиын ұйымдастырылды. Жиынға ауылдың учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты
С.С.Қасымханов, мектептің құқық менеджері Н.Турдали, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Қалабайқызы
мен Ұйғыр ауданының ПБ ЖПҚБ ЮПТ КТІЖ учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Н.А.Сыдыкова, Ұйғыр ауданының
ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі полиция капитаны Б.М.Ботабеков мырза қатысты. Жиналыс барысында
тәртіп және құқықбұзушылық, қылмыстық әрекеттер, алаяқтық, зорлық-зомбылық, көлік, электроскутер, мотокөлік
жүргізу тәртібі мен заңдылықтары, алаяқтық туралы және осы аталған жағдайлар кезіндегі жаупкершгілік пен заң
аясындағы жаз түрлері туралы толық әрі нақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқушалыр өз тараптарынан қызықтырып
жүрген сұрақтарын қойып пікір алмасты.Жиын соңында ата-аналармен де жиналыс өткізіп, ауыл ішіне қойылған камерала
мен олардың рөлі, құқықбұзушылық, кәмелетке толмаған балалардың кешкі 8-ден кейін көшеде жүрмеуі, мотокөліктерді айдау
тәртібі мен жауапкершілігі, көшедегі қараусыз жүрген малдар, қазіргі таңда жүгенсіз жүріп жатқан интернет алаяқтық туралы
толық айтылды. Ата-аналарды бірлесіп жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезінуге шақырды.
2024 жылдың 27-желтоқсан күні ауылдық округ әкімі Ж.Айғожаев ауыл белсенділерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында жыл қорытындысы мен алдағы уақытқа жұмыс жоспары талқыланды.Кездесу соңында барлық
қатысушылар арнайы алғыс хатпен марапатталып, жаңа-жылдық тәттелер сыйға тартылды.
Құрметті Алматы облысының
сондай-ақ Конаев пен Алатау қалаларының тұрғындары мен қонақтары!
Сіздер үшін Алматы облысының Цифрлық технологиялар басқармасы «Ақылды қала» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында қызмет көрсетудің жаңа деңгейін – «Бірыңғай байланыс орталығы 109» қызметін іске қосады! 2024 жылдың 1 қарашасынан бастап 109 нөміріне бүкіл өңірді толғандырып жүрген түрлі сұрақтар мен мәселелер бойынша хабарласуға болады.
Мен қандай сұрақтар қоя аламын?
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тіршілікті қамтамасыз ету
- ветеринариялық қызмет (қаңғыбас иттерді аулау мәселелері)
- жолдарды жөндеу және тазалау
- Тәрбие мәселелері
- Орталық жылыту
- Сумен қамтамасыз ету
- Электрмен жабдықтау
Сондай-ақ қауіпсіздік пен өмір сүруді жақсартуға қатысты кез келген сұрақтар!
Өтінім қалдыру үшін:
- Қысқа нөмір – 109 (ұялы және қалалық телефондардан)
- WhatsApp – 8 771 7 109 109
- Telegram бот-канал – t.me\konaevkzhelp
- Instagram – @109konaevkz.
Сонымен қатар, облыс орталығының тұрғындары үшін контейнер алаңдарында QR белгілері орнатылды, олар арқылы ПІКІР қалдыруға болады! Тек QR кодын сканерлеп, бізге хабарласыңыз!
💡 Бірыңғай байланыс орталығы 109 – мәселелеріңізді шешуде сенімді көмекші!
Ауылдық округтегі әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың қысқы маусымға дайындықтарын
қамтамасыз ету мақсатында демеушілер көмегімен 7 отбасыға 14 тонна көмір әкелініп,
үйлеріне жеткізіліп берілді.
Ауылдық округте демеушілердің көмегімен кішігірім «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» ашылды.
Мақсатымыз: егде жастағы азаматттардың белсенді өмір салтын ұзартуға мотивациясын қалыптастыру
және дамыту, бос уақытын және мәдени бос уақытын ұйымдастыру.