«Ұйғыр ауданының ауылдық округтерінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттері туралы» № 8-35-177 шешімін іске асыру туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 79-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1-3 тармағының 8,9,11-тармақшаларына, 37-бабының 3-тармағына сәйкес, Ұйғыр аудандық мәслихатының 2025 жылғы 08 қаңтардағы «Ұйғыр ауданының ауылдық округтерінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттері туралы» № 8-35-177 шешімін жүзеге асыру мақсатында Кіші Дихан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2025-2027 жылдарға арналған Кіші Дихан ауылдық округінің бюджеті тиісінше осы шешімнің қосымшасына сәйкес, оның ішінде 2025 жылға төмендегі көлемдерде қабылдансын:
1) кірістер 104667 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер 17720 мың теңге;
трансферттер түсімі 86947 мың теңге.
2) шығындар 104667 мың теңге;
3)таза бюджеттік кредиттеу 0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 0 мың теңге.
2. Кіші Дихан ауылдық округі әкімінің аппараты:
«Ұйғыр ауданының экономика және қаржы бөлімі» » мемлекеттік мекемесіне
2024-2026 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларды және бір жылға белгіленген мөлшер шегінде бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын берсін.
3.Кіші Дихан ауылдық округі әкімінің аппараты заңда белгіленген тәртіппен тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық процедуралардың уақытында өткізілуін қамтамасыз етсін.

Дата публикации
04 марта 2025