Аудандық қоғамдық
кеңестің төрағасы
Қ. Бекмухаметовқа
«Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4 тармақшасына сәйкес, Кіші Дихан ауылдық округінің халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2023 жылғы 29 маусымындағы қорытындысының негізінде Кіші Диқан ауылының шығыстан
батысқа қарай бірінші көшені - Береке көшесі, төртінші көшені - Достық көшесі,
бесінші көшені - Абай көшесі; Кіші Диқан ауылының оңтүстіктен солтүстікке қарай бірінші көшені - Көксай көшесі, тоғызыншы көшені - Дидар көшесі; Үлкен Диқан ауылының шығыстан батысқа қарай бірінші көшені - Ақбұлақ көшесі, екінші көшені - Жерұйық көшесі, төртінші көшені - Бірлік көшесі, бесінші көшені - Шаңырақ көшесі; Үлкен Диқан ауылының оңтүстіктен солтүстікке қарай екінші көшені - Майтөбе көшесі, үшінші көшені - Мәншүк Мәметова көшесі, төртінші көшені - Көкбастау көшесі деп атау туралы шешімнің жобасына қорытынды беруіңізді сұраймыз.
Қосымша:
Шешім жобасы (қазақ және орыс тілінде);
«Ашық НҚА» парталында жарияланған шешім жобасы;
Аудандық БАҚ-нда жарияланған шешім жобасы;
Кіші Дихан ауылдық округі
әкімінің міндетін уақытша атқарушы М.Абдуллаев